Кітапханаға жаңа әдебиеттер түсті

Білім

16:04 5 Тамыз 2010

 Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қорында 195 062 кітап бар. Биыл олардың саны 1 038-ге артты. Кішкентай оқырмандар үшін әкелінген оқу құралдары мен әдебиеттердің 560-ы мемлекеттік тапсырыс арқылы, ал өзгесі облыстық бюджеттің қаржысына алынған. Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, жаңадан келіп түскен кітаптар сапасы жағынан да, мазмұны жағынан да  сан алуан.

 Күлизат Шахатова, ұлттық әдебиеттер бөлімінің кітапханашысы:
-Бізге ертегі, аңыз, әңгімелері бар жаңа кітаптар түсті. Олар үш тілде. Кітаптардың көбі Англияның атақты адамдарына арналған. Орыс балаларына қазақ тілін үйренуге лайықталған оқулықтар да бар.

Ұлттық әдебиеттер қоры биыл ерекше жинақпен толықты. Бөлімше қызметкерлері қазіргі Жазушылар одағы мүшелерінің есімдері берілген  энциклопедияның бағасы өлшеусіз екенін айтып отыр.

Ғалия Қожахметова, ұлттық әдебиеттер бөлімінің кітапханашысы:
-«Қазақстан Жазушылар одағы» атты жинақ өте құнды. Мұнда жерлестеріміз Бақыт Мұстафин, Мүтәллап Қанғожин, Зейнолла Әкімжанов  сынды өзіміздің жергілікті жазушыларымыз туралы мәлімет берілген. Сонымен қатар жаңа жазушылар есімдері көп.

Балдырғандардың да түрлі-түсті суреттерге тұнып тұрған кітаптарға көңілдері толды.

 Сәбина Марат, оқырман:
-Маған бұл кітаптар ұнады. Себебі бізге берер тәрбиесі мол.
Іштері де қызықты. Түрлі суреттері бар.

Өнер бөлімінің қызметкерлері де құнды кітаптарға қуанып отыр. Оның ішінде, әсіресе, барлығының қолы жете бермейтін “Қазақтың дәстүрлі мың күйі” жинағын атап өтуге болады. Сонымен қатар Антика дәуірінен басталатын билер туралы кітаптар топтамасы  да  – аса қымбат қазына. Кітапхана қорына келіп түскен басты құндылықтардың бірі Москвадан әкелінген 62 томдық үлкен энциклопедия. Мәдениет, ғылым, техника тақырыптарын қамтитын бұл білім қазынасы 600 мың теңгеге жуық қаржыға сатып алынған. Жасөспірімдер бөлімі де назардан тыс қалмаған. Ондағы кітап қоры классикалық әдебиеттерге байып қалыпты.

Гүлден Сәрсенбаева

Бұдан әрі оқыңыз

49 студент шетелде өткен өндірістік тәжірибеден оралды
Өңір колледждерінде парасаттылық пен адалдық сағаты өтті
Пәнаралық олимпиаданың қалалық кезеңі өтуде
Химия-биология бағытындағы НЗМ-де ашық есік күні өтті
Техникалық маман иелерінің үздігі анықталды
“Адал ұрпақ” клубтарының белсенділері бас қосты
Жергілікті жастар кәсіби шеберлік сайысынан үш жүлдемен оралды
Химия-биология бағытындағы НЗМ аккредитациядан өтті