Аптадағы маңызды жаңалықтар

Борис Петровтың туғанына – 90 жыл

 

 

 

 

Борис Петровтың шығармашылығын құрмет тұтушы қызылжарлық қауым қаламгерді еске алу үшін тағы жиналды. Бұл жолы кезек ақынның өлеңдері мен әңгімелеріне тиді. Балалар жазушысы Күлбаршын Мұқанова Борис Петров повестерінің мен үшін үлгі алар тұстары мол дейді.

Күлбаршын Мұқанова, балалар жазушысы:
-Өкінішке қарай, мен оның шығармаларын оқуды кеш қолға алдым. Маған балаларға жазған әңгімелері өте ұнады.
Әлі де оқитын боламын.

Борис Петров жеке адам бейнесін суреттеудің хас шебері болған деседі оның оқырмандары. Ал басты кейіпкерлері негізінен майдангер солдаттар. “Манчжур күнделігі” деп аталып кеткен еңбегінде Борис Николаевич ұрыс даласында өзінің бастан кешкен сәттерін сипаттайды. Сұлулықпен жаны егіз болған жазушы табиғат көріністерін де сурет салғандай әдемі өрнектейтін. Оның ақ қайыңдар өлкесі жайында жазған жолдары оқыған әр адамның жүрегінде сақталады. Әсіресе біздің жерлестеріміз үшін ол баға жетпес қазына болса керек.

Сергей Пресняков, өлкетанушы:
Борис Петров ақылы, парасаты, іскерлігімен көзге түсетін ерекше жан болды. Ал оның шексіз қайырымдылығы мен әрдайым күлімдеген жылы жүзі бәрін таңқалдырушы еді. Солтүстік Қазақстанның адамдары мен табиғатын ол қатты жақсы көріп, сүйсінетін.

Тамыздың алтысы күні жазушы, публицист, қоғам қайраткері, КСРО Жазушылар Одағының мүшесі Борис Петровтың туғанына 90 жыл толады.  Ал оның әдеби мұрасы  – бүгінгі және келешек ұрпақ үшін мол қазына.

 

Кәусар Аяпбергенқызы