Құқық қорғау органдары

Орман қорғау заңнамасын бұзып, ағаш көмірін дайындаған

 

 

 

 
Заңға қайшы әрекет Қызылжар ауданындағы Долматово селосының маңында анықталған. Петропавл қаласының тұрғыны отын әзірлеу үшін жергілікті серіктестіктен бір жарым гектар орман алқабын сатып алыпты. Алайда ағаш кесуді пысықай қалалық пайдасы молырақ іске айналдыра білген. Ол қайың ағаштарын жағып көмір дайындаған.

Болатхан Нұрышкенов, СҚО табиғат қорғау прокуроры:
-Қайың қолдан жасалған бес пеште жағылған, өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған.

Сөйтіп, Федосов мырза заңсыз ісін бір жарым айға жуық дөңгелеткен. Ағаштан жасалған көмір тікелей облыс орталығындағы сауда орындарына жеткізілген. Және бір таңданарлығы – заңбұзушылық жөнінде Соколов орман мекемесі қызметкерлері мүлдем хабарсыз болған. Табиғат қорғау прокурорлары орман алқаптарында бұндай тексерісті алғаш рет жүргізген. Өйткені аталмыш құрылым прокуратура органдарында үстіміздегі жылдың шілде айында ғана құрылыпты. Сөйтіп, алғашқы тексеріс кезінде-ақ заңбұзушылық анықталған. Алдағы уақытта бұндай шаралар жалғасын таппақ

Болатхан Нұрышкенов, СҚО табиғат қорғау прокуроры:
-Бүгінгі күні аталмыш іс бойынша барлық жағдайлар тексеріліп жатыр. Заңды бұзған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Айымгүл Әбілева