Ауыл шаруашылығы

Алтын кубок пен грамота

 

 

 

Мұндай асыл тұқымды үйректерді әзірге тек Бескөл құс фабрикасында ғана кездестіруге болады. Өңіріміздің құс өсірушілері 5 жыл бұрын табиғи сұрыпталған пекиндік “Медео” тұқымдастарды будандастырудың нәтижесінде бескөлдік түрлі-түсті үйректер пайда болды. Өнімділігі үй құстарынан 20 пайызға артық.

Ақан Жүнісов , ” Бескөл құс фабрикасы” ЖШС зоотехнигі:
-Бұлардың артықшылығы неде? Біріншіден, ішкі майы аз. Екіншіден өлім-жітім өте аз болады. Өте жұмыртқалы. Жем аз жұмсалады, 1 келіге 2,7 ондық.

Жақсы күтіммен салмағы 40 күнде 3,3 келіге дейін жетеді екен. Жылына 200-ден астам жұмыртқа береді. Оның 78 пайызынан балапан шығады. Осының арқасында бір үйрек 3 маусымда 320 келіге жуық ет береді. Түсіне қарай 4 түрге бөлінетін солтүстікқазақстандық үйректердің мұндай ерекше қасиеттері жоғары бағаға ие. Бұған республикалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде жеткен жетістіктері дәлел.

Ақан Жүнісов , ” Бескөл құс фабрикасы” ЖШС зоотехнигі:
-Биыл шыққан кросстарды республика халқына көрсетіп, алтын кубокқа ие болдық. Сонымен қатар ауылшаруашылығы министрінің грамотасын алдық. Біздің Бескөл құс фабрикасының өнімдері өте жоғары сұранысқа ие. Құстың еті, жұмыртқасы өте тез өтіп кетеді.

Алдағы уақытта құс фабрикасының негізінде асыл тұқымды құс өсіру орталығы ашылмақшы. Оған жем-азық пен материалдық база мүмкіндік береді дейді шаруашылықтың басы-қасында жүргендер. Бұл отандық өнімді сыртқа шығаруға да септігін тигізбек.

Жеңіс Ермұқанов