Балалар

Салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы семинар ойдағыдай шықпады

 

 

 

 Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған  алғашқы семинарға 30 адам шақырылған болатын. Алайда  өзекті тақырып жайында пайдалы кеңес тыңдауға бар жоғы 16 адам жиналды. Онда да алтауы ұйымдастырушылардың өздері болса, қалғандары колледж оқытушылары, ал арнайы студенттер үшін ұйымдастырылған шарада олардың бір-екеуі ғана төбе көрсетті.  Ал осынау қоғамдық маңызды шараның басы-қасында ЖОО-ны  жаңа ғана тәмамдаған жастар мен студенттер  жүр. Сондықтан болар ұйымдастырушылардың өздері де семинар туралы мәнді ештеңе айта алмай қиналды.

Павел Путинцев, “Оқушы жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру” жобасын үйлестіруші:
– Бүгінгі семинарға біз ең қауіпті ауруларды тақырып еттік. Медицина қызметкерлері бізге аурудың алдын алу шаралары жайында көптеген пайдалы кеңес береді. Қандай екенін өздерінен сұрау керек.

ВИЧ, СПИД, нашақорлық туралы қауіпті дерттердің алдын алу тақырыбындағы дөңгелек үстелге облыстық наркологиялық диспансер мен СПИД орталығының мамандары қатысқаны жөн сияқты,  ал ұйымдастырушылар   №8   мектептің медицина қызметкерін шақырумен шектеліпті. Салауатты өмір салтын насихаттау бағытында жастарға ақпараттық кітапшалар таратып, әдістемелік көмек көрсету де көзделген екен, алайда семинарда ондай өнімдер де көзге шалынбады.   

 Павел Путинцев,, “Оқушы жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру” жобасын үйлестіруші:

-Олар әлі шығарылуда, дайын болған соң жастарға да, жалпы қала тұрғындарына да таратылатын болады.

 Осыдан кейін семинарға келген қонақтардың  шара туралы пікір білдіруден қашқақтағаны да түсінікті  болар.  

Гүлден Сәрсенбаева