Қылмыс

Оқыс оқиға



 

 

 
Василий Чебатьконың көзі өте нашар көреді. Сондықтан жолда жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын байқамай, шұңқырға құлаған. Қайда екенін әрең түсінген жапа шегуші жарты сағат бойы шұңқырдан өз бетімен шығудың амалын іздепті.

Василий Чебатько, жапа шегуші:
– Үйге қарай келе жаттым. Жолдан өтпек болған кезде дәл шұңқырға құладым. Өзгенің көмегінсіз шығамын деп ойладым. Сондықтан көмекке ешкімді шақырған жоқпын.

Қазір Василий Чебатько есін жиып жатыр. Шұңқырда  құлап жатқан оны  кездейсоқ жүргінші байқап қалған. Олай болмағанда зағип жанның тереңдігі  2,5 метрлік шұңқырда қанша уақыт отырары белгісіз еді.

  Айдарбек Әлібеков,  СҚО ІІД ЖПБ жеке батальонының инспекторы:
-Бір адам келіп, шұңқырда бір жігіт құлап жатыр деді.
Жапа шегушіден не болды деп сұрасам, ол мен соқырмын деп жауап берді. Содан құтқарушыларды шақырдым.

Ал құтқарушылар екі минуттың ішінде оқиға орнына жетіп, Василий Чебатькоға көмек көрсетті.

Бахтияр Сибанбаев,  құтқарушы:
Келсек, шұңқырда адам жатыр екен. Оны тез арада шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеттік.

Оқиға орнына келген дәрігерлер де Василий Чебатькоға көмек көрсетіп, үшінші емхананың жарақат бөліміне жеткізді. Жапа шегуші тек кеудесін ғана ұрып алған. Бұл аумақта құбырлар ауыстырылып жатыр. Сондықтан дәл жолдың үстінен 2,5 метрлік шұңқыр қазылған. Алайда жұмысшылар шұңқырдың маңайын қоршауды ұмытып кеткен.

Александр Ошмаров,  “Петропавловские Тепловые Сети” ЖШС аға шебері:
 – Қоршауға жауап беретін менмін. Қоршаулар бұл жерде бар. Жапа шегуші оны айналып өтіп, құлап кеткен, біз кінәлі емеспіз.
Міне, қоршаулар тұр ғой. Қайда кетті дейсіздер оны!

Бұл сұхбатты Александр Ошмаров оқиғадан кейін 1 сағат өткенде ғана берді.   Ал  “Петропавл жылу желілері” кәсіпорыны төтенше оқиға орын алғаннан кейін ғана жанталасып қоршау тұрғыза қойған.

Жасын Биркенов