Құқық қорғау органдары

Жолдарда тамыздың 1-інен жаңа ереже қолданыла бастады

 

 

 

 

“ТОЙОТАның” жүргізушісі бағдаршамның тоқтау белгісінен асып барып тежегішін басты. Бұндай ереже бұзушыларға  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Бұған дейін әкімшілік жауапкершілікпен қатар жүргізушінің куәлігі тәркіленіп, уақытша куәлік берілетін . Тамыздың бірінен енгізілген өзгеріс арқасында ереже бұзған  көлік иесіне хаттама ғана толтырылады.

 Болат Жексенбинов, СҚО ІІД ЖПБ бөлім бастығы:
-Бұл заңнамаға енгізілген толықтыру емес, жүргізуші куәлігін тәркілеудің жаңа тәртібі белгіленген ведомстволық қаулы. Енді ереже бұзған көлік иелері өз кінәсін мойындап тұрса, көлік нысанын жүргізуге құқық беретін куәлік тәркіленбейді, тек айыппұл төленеді. Егер  жүргізуші қасарысса, бұл құқықтан айрылады.

Бұл жаңалық көлік жүргізіп жүрген тараптың көңілінен шыққанға ұқсайды.

 Жүргізушілер:

-Бұл өте қолайлы, жолда жүргесін ереже бұзушылық болып тұрады. Бұрынғыдай жүргізуші куәлігін аламыз деп қалың кезекте жұмалап жүрмейтін болдық. Енді айыппұлыңды төлеп, өз жұмысымызбен айналысамыз.

Алайда айыппұл төлеуге асықпайтын жүргізушілер де табылады. Ондайларға да амал қарастырылып қойылыпты.

Болат Жексенбинов, СҚО ІІД ЖПБ бөлім бастығы:
– ҚР ІІМ “АЙПИ” бақылау бағдарламасының көмегімен айыппұл төлеуден бас тартатын жүргізушілер анықталып, олар сот арқылы қарыздарын мәжбүрлі түрде өтейтін болады. Және көлік нысандары арнайы тұраққа қойылады.

Сонымен қатар ереже бұзған жүргізушілерге әкімшілік заңнаманың 524-ші бабына сәйкес үш тәулікке   абақтыға жабу жазасы да қолданылуы мүмкін.

Жеңіс Ермұқанов