Қылмыс

Жалған сөйлеп, бастары істі болды

 

 

 

 

Наурыз айының соңында жапа шегуші Андрей Поротиков тәртіп сақшыларына арыз түсіреді. Оның айтуынша, бескөлдік таныстары Қайырбек Дисембаев пен Константин Маслаковты кездестіріп, бұл оқиғаны  арақ ішіп, атап өтпекші болған. Сөйтіп үшеуі  Германия азаматы  Владимир Апокиннің күзет орнына жайғасады. Поротиков осы жерде маған олар жабылып, өктемдік жасады, ұрып-соқты деп жазған. 30 мың теңге талап етіп, балтамен айбар көрсеткен соң, Поротиков қолхат жазған-мыс, бірақ кездейсоқ келіп қалған таныстарының жолдас қызы Дарья Казаченко оны  құтқарып, босатып жіберген. Алайда кейін жапа шегушінің тергеушіге берген жауабы өзгеріп шыға келген.. Куәгер Дарья Казаченко да алғашқы сөзінен айнып, Андрейді босатпағанын, оны ешкімнің ұрмағанын айтқан. Алайда, екі жақтың келіскенін есепке алған сот, өз үкімін шығарды.

Надежда Могелюк, Қызылжар аудандық сотының судьясы:
– Сот Дисембаев Қайырбекті, Апокин Владимирді, Маслаков Константинді ҚР ҚК 181-бабының 2- тармағының А,Б пункттеріне сәйкес айыпты деп тапты. Аталған кодекстің 63- бабына сәйкес  Дисембаев 3 жылға, Апокин мен Маслаковтың  әрқайсысы 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылсын.

Судья жапа шегуші Андрей Поротиков пен куәгер Дарья Казаченконың ісін аудандық прокуратураның қарауына жіберді. Енді олар  жалған ақпарат бергендері үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

 

Гүлмира  Шоқтыбаева