Әр түрлі

Мәркен Ахметбековті еске алу

 

 

 

 

Мәркен Ахметбеков  тірі болса, биыл 70-ке толар еді. Тағдырдың жазуымен ел ардақтысы осыдан 17 жыл бұрын дүниеден озды. Мәркен Ахметбекұлы қазіргі Шал ақын ауданындағы Қаратал ауылында өмірге келген. Еңбекке араласқан кезінен бастап, түрлі деңгейдегі басшылық қызметтерде өңіріміздің экономикалық-әлеуметтік дамуына, ауыл-селолардың көркеюіне зор үлес қосты.  Халықтың сеніміне ие болып, ел Парламентіне депутат болып сайланды. Ел-жұрт үшін атқарған игі істерімен замандастарының жадында қалған қоғам қайраткерінің еңбегі бүгінгі ұрпаққа үлгі.

Анатолий Башмаков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Мен Мәркен Ахметбековпен 1970 жылдан бастап  бірге жұмыс істедім. Біздің қарым-қатынасымыз біртіндеп кеңейіп, бір-бірімізге сеніп артып жүрдік. Мәркен Ахметбекұлының арқасында қазақ халқының дәстүрлерімен таныстым. Мен оны адамгершілік қасиеті үшін ерекше құрметтеуші едім.

Мәркен Ахметбекұлына жиені Айнұр өлең жолдарын арнапты. Бұл арнауды нағашы атамның рухына бағыштаймын, дейді ол.

 
Айнұр Серікова, Мәркен Ахметбековтің жиені:
-Менің ата-анам нағашы атам жайлы көп айтады. Халқына адал қызмет етіп, мол еңбек еткен. Елге құрметті атам болғанын мақтан етемін.

Мәркен ағаның есімі Сергеевка қаласындағы бас көшелердің бірі мен өзі туып-өскен Қаратал ауылындағы мектепке берілген. Оның туған-туыстары мұндай құрметке риза.

Серік Ахметбеков, Мәркен Ахметбековтің ұлы:
-Әкеміз үлгілі отағасы болды. Бізге, балаларына үлкен үлгі-өнеге болды. Жұмысына адал болды.

Еске алу кешінен кейін жиылған қауым зират басына барып, Мәркен ағаның рухына тағзым етті.

Қасымхан қажы Абдоллаұлы,  “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы:
-Бір сақаба пайғамбардан дүниеден өткен әке-шешеме қандай жақсылық жасай алам деп сұрағанда, ол оның өсиетін орында, ағайын-туыстарымен қарым-қатынас ұста, достарын құрметте деп айтқан. Бүгін Мәркен Ахметбекұлының туыстары, достары рухына тағзым етіп, жақсы тілектер айтты. Алла Тағала, ағамыздың алдының жарығын, артының қайырын берсін.

Өңіріміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан білікті басшы, қоғам қайраткері Мәркен Ахметбеков халықтың есінде мәңгілік сақталатын тұлғалардың бірі болып қалмақ.

 

Жасын Біркенов