Балалар

Колониядағы құқықтық семинар

 

 

 

 

 

Семинардың басты тақырыбы – адам құқығын қорғау. Жазаларын өтеп жатқан бозбалалар  азаматтардың жеке бас құқығы және оны қорғау мүмкіндіктері    туралы маңызды мәліметтерден хабардар болды. Егер жеке басының құқығы аяққа тапталса, ең алдымен сотқа жүгіну қажет. Ал бұл құзырлы орган мәселенің оң шешімін таба алмаса, адам құқығы жөніндегі комитетке жүгінуге  болады. Семинарда бостандыққа шыққаннан кейін бұл бозбалаларды еңбекпен қамту мәселесі де назардан тыс қалмады. Енді олар  жұмыс берушімен келісімшарт жасасып, өз құжаттарын дұрыс рәсімдей алады. Тіпті жеке кәсіпорын ашудың жолын да біледі.

Наталья Кудинова, «СҚО белсенді жастары» қоғамдық жастар ұйымының менеджері:
-Келешекте кәсіпкер болғысы келетіндерге не істеу қажет, жолда полицейлер тоқтатса, қандай құжаттарды көрсету керек. Міне біз осындай жағдайларды түсіндірдік. Семинар пайдалы болады деген сенімдемін.

Айтылған пайдалы мәліметтерді нықтап бекіту үшін кішігірім жаттығу ойыны өткізілді. Жиналғандар кәсіпкер, мемлекет, құқық қорғаушы комитет болып, 3 топқа бөлініп, әрқайсысы өз құқығын қорғады.  
Теріс жолға түскен жеткіншектер арасында мұндай жиындар жиі өткізіледі. Кітапханада құқықтану бойынша қажетті кітаптар мен ақпараттық тақта да бар екен.  Семинар соңында бозбалалар сауалнама толтырып, өткізілген шараға өз бағаларын берді.  
Жіберген қателіктерді енді қайталамау үшін осындай семинарлардың өткізілуі біз үшін өте пайдалы дейді жеткіншектер. Бұдан былай заңды аттамау үшін не істеу керектігін енді олар жақсы біледі.

 

  Кәусар Аяпбергенқызы