Энергетика

Жылу берушілердің қысқа әзірлігі

 

 

 

Қала пәтерлерінің біразы ыстық сусыз отыр.  Дегенмен  көпқабатты үйлер тұрғындарына әлі де шыдамдық таныту қажет. Себебі  құбыр  жөндеу жұмыстары әлі 1,5 айға созылатын түрі бар. Ал «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС белгіленген жоспарды барынша қысқа уақытта аяқтауға тырысып жатырмыз дейді. Ауқымды жұмыстың басында жүрген бас инженер Александр Захарьянның айтуынша жөндеу  50 пайызға орындалған.

Александр Захарьян, «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС бас инженері:
-Біз 348 км қашықтықты құрайтын жылу құбырын ауыстырдық. Соның ішінде магистральды жүйеге көп көңіл бөлудеміз. Оның ұзындығы 3,5 шақырымды құрайды. Оның 2 км ауыстырып үлгердік.

Қала бойынша күрделі жөндеу жұмыстарына 220 млн теңге бөлінген. Қалпына келтіру шаруалары Алтынсарин мен Конституция көшесінің қиылысында  жүріп жатыр. Жоспарға сәйкес бұл жерде  500 метрге дейін құбыр ауыстырылмақ. Бұл жылу құбырлары  шамамен 40 жылдан астам уақыт жаңартылмаған көрінеді.

Андрей Дудко,  «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС жылу энергетикалық құрылғыларын диагностикалау тобының жетекшісі:
-Осы көше бойындағы жылу трассасының пайдалану мерзімі біткен. Көп жылдар бойы ауыстырылмағандықтан құбырларда тесіктер пайда болған. Өз ісімізді мүмкіндігінше тезірек атқаруға тырысамыз.

Тамыз айына қарай ең қиын учаскелердің бірі саналатын 1, 2, 3, 15-ші  магистральдар толығымен жаңа құбырлармен ауыстырылатын болады.  

Гүлден Сәрсенбаева