Kurultai banner mobile

Спорт

Жазасын өтеушілер арасындағы жазғы спартакиада

 

 

 

Аяғын шалыс басып темір тордың ар жағына түскендердің арасында спортқа бейімдері  аз емес. Тіпті халықаралық үлкен додаларда еліміздің туын желбіреткендер де бар. Солардың бірі – осы мекемеде жазасын өтеуші Ақжан Ахметолдин. Ол 1995 жылы жастар арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған.

Ақжан Ахметолдин, жазасын өтеуші:
-Мен осында спорт секциясының жетекшісімін. Президентіміз айтқандай, спортты қолдау керек. Біз осылайша денсаулығымызды нығайтамыз.

7-ші рет өткізіліп отырған спартакиада волейбол, футбол, шахмат, теннис, жүгіру сияқты 9 спорт түрін қамтиды. 1000-ға жуық сотталғандар арасынан қатысуға ниет танытқан 9 команда өзара сайысқа түседі. Мұндай шараларға ардагерлер кеңесі жиі қатысып тұрады.

 

Ғалымжан Жексембинов,ҚТЖ комитеті департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы:
-Біз мұндағылармен әрдайым бірге жұмыс істейміз. Келіп ақыл-кеңесімізді айтамыз. Жігіттер бізді тыңдайды. Бүгін бәрі жақсы дайындалған.

Шараның салтанатты ашылуынан соң командалар футбол ойынын бастап кетті.  

Айқын Баженов, 164/3 мекемесінің тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы:
-Шараның мақсаты – сотталғандардың денсаулықтарын нығайту. Біз спорттық шараларды жиі өткіземіз.

Спартакиаданың қорытындысы тамыздың соңында шығады. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталмақ.

 

 Кәусар Аяпбергенқызы