Әр түрлі

Тамыз айы да ыстық болады

 

 

 

 

Солтүстіктің суығынан мезі болғандар үшін жағымды жаңалық: аптап ыстық қыркүйекке дейін сақталады.  Термометр көрсеткіші алғашқы онкүндікте 25-35 градуқа дейін көтеріледі деп болжануда.  Ал ай бойы ауаның орташа температурасы 17-23 градус шамасында болады.

 

Гүлзат Ғазизова, СҚО метеоорталығының бөлім бастығы:

-Екінші онкүндікте ауаның басым температурасы  түнде 11-16, күндіз 23-28, кей жерлерде 32 градус жылы болады. Тамыздың 14-16-да түнде 4-9, күндіз 16-21, кей жерлерде 26 градусқа дейін төмендейді.

 

Синоптиктер қалыпты жауын-шашын мөлшерін болжап отыр. Ай бойы 39-55 мм жаңбыр жауады.

 

Гүлзат Ғазизова, СҚО метеоорталығының бөлім бастығы:

-Бірінші онкүндіктің басында және соңында, екінші онкүндіктің соңында және үшінші онкүндіктің бірінші жартысында кей жерлерде өткінші жаңбыржауып, найзағай ойнайды.  Айдың ортасында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

 

Мамандардың айтуынша, жаздағы ең ыстық температура 1952 жылы тамыздың 26-да байқалған, онда термометр көрсеткіші 38,6 градусқа дейін көтерілген, ал 1971 жылы дәл осы күні 0,5 градус суық тіркелді.

 

Кәусар Аяпбергенқызы