Спорт

Шағын футболдан жарыс аяқталды

 

 

Турнирді ұйымдастыруға “Әлем”волонтерлық орталығы” мұрындық болды. Бұл шараны балалар мен жасөспірімдердің мектептен тыс тәрбие жұмысы орталығы да қолдап, шағын футболдан өткен жазғы біріншілікте 14 команда күш сынасты.

  Людмила Мартынова, балалар мен жасөспірімдердің мектептен тыс тәрбие жұмысы орталығы директорының орынбасары:
  – Бұл сайысқа балалар мен жасөспірімдердің клубтары ғана емес, сондай-ақ футбол мектептері де қатысып жатыр. Жыл сайын қатысушылардың саны артып келеді. Өйткені спорт жастар арасында әрдайым қызығушылық тудыртады.

  Арман Искенеев, “Әлем”волонтерлық орталығы” ЗТБ директоры:
  – Бұл шараның мақсаты балаларды спортқа тартып, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Бүгін біріншіліктің соңғы туры өтіп жатыр.

Соңғы турда «Авангард» пен «Жас батыр» командалары кездесіп отыр. Екі құрама да бұған дейінгі кездесулерде жақсы ойын өрнегін көрсетті. Енді футболшылар өз араларындағы мықтыны анықтамақ.

Джиани Харб,  «Авангард» командасының ойыншысы:
– Алғашқы ойында біз жеңіске жеттік. Қазір де ұтамыз деген ойдамын. Өйткені біздің команда ұйымдасып ойнайды.

Ойын қызу басталды. Бірінші таймның алғашқы минуттарынан-ақ, “Авангард” футболшылары бірнеше гол енгізді. «Жас батыр» командасы есе қайтармақ болса да, шабуылдары нәтижесіз аяқталды. Сондықтан бар күшті қорғанысқа жұмсауға тура келді. Алайда “Авангард” бұл шепті де бұзып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

  Әділ Бекетаев, «Авангард» командасының ойыншысы:
-Біз жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымыз.
Осы үшін бар күшімізді салдық.

 

 Сәтсіз ойынның қорытындысы “Жас батырды” жасытпады. Бүгін жеңілсек, ертең жеңеміз дейді олар.

Вадим Ярославцев, «Жас батыр» командасының ойыншысы:
– Қарсыластарымыз бізден мықты болып шықты. Алайда біз қамықпайиыз. Алда талай ойындар бар.

Соңғы тур аяқталысымен біріншіліктің қорытындысы жарияланды. Үшінші орынды 10 -ыншы мектептің оқушылары еншілесе, екінші орынды балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің “Рубин-1” командасы иемденді. Ал бас жүлде осы мектептің “Рубин-2” футбол командасына бұйырды.

 

 Жасын Біркенов