Бизнес және экономика

Кедендік одақ аясында товар тасымалдау мәселелері

 

 

 

 

Кедендік одақ жұмысын бастағалы бір ай, алғашында кәсіпкерлер үшін түйткілді көрінген талай мәселелер уақыт өте шешіле бастаған. Дегенмен тауар тасымалдау, оны ресімдеу, салық төлеуге қатысты сауалдар әлі де бар.

 

Нелли Кукушкина, СҚО сауда-экономикалық палатасының төрайымы:

Ветеринарлық, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, техникалық реттеу салалары кедендік одақ туралы әңгімелерде шет қалып жатқан сияқты. Бірақ кеденнен өту үшін шетелдермен қарым-қатынас кезінде бұл қызметтерге қатысты  сауалдар көп туындайды.

 

Товарды сертификаттау, санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринарлық бақылау тұрғысында да бірқатар өзгерістер бар. Әсіресе ветеринарлық тексеруді қажет ететін товарларға қатысты құжаттарды шекара асардан бұрын  дайындаған дұрыс.

 

Марат Ыбыраев, СҚО бойынша ветеринарлық бақылау  басқармасының бастығы:

-Ветеринарлық құжаттар бойынша тек қана бірыңғай сертификат жазылады. Егер бұрын ветеринарлық куәлік болып, ол шекарада ветеринарлық сертификатқа көшіріліп жатса, қазір ондай болмайды бізде.  Тек қана ветеринарлық сертификатпен жүреді.

 

Шілденің бірінен бері кедендік одақ елдерінен товар жеткізген кәсіпкерлер құжаттары мен салық төлемдерін тамыздың 20-на дейін тапсырулары керек. Бұған дейін бизнес өкілдері товарларын уақытша сақтау қоймасына қойып, салық ресімдеуге кететін болса, енді оларға 1,5 айға жуық қосымша уақыт беріліп отыр.

 

Сәуле Мүсілімова, СҚО салық департаменті басқармасының бастығы:

-Бірінші шілдеге дейін де, бірінші шілдеден кейін де  өте көп дөңгелек столдар өткізіп жатырмыз. Салық органдары қабылдап алып жатыр бүгін, бірақ кейбір сұрақтар бар, сондықтан оларды шешуге бүгін жиналып отырмыз.

 

Семинарға жиналғандар мамандарға сұрақтарын қойып, кедендік одақ енгелі өздері кездестірген өзгерістер туралы әңгімеледі.

 

 

Әсем Сембина