Бүгінге дейін Соколовка орман мекемесі 1451 үйді отынмен қамтамасыз етті. Қазіргі таңда орманшылар 7592 текше метр ағаш кесіп, тұрғындарға жеткізген. Биыл отынның бағасы жоғарылады. Өткен жылы ол 650 теңге тұратын.
Сағынай Сайдалин, “Соколов мемлекеттік орман шаруашылығы” ММ директоры:
-Биыл бір текше метр отынның бағасы 866 теңге. Бұл кесілмеген отындар. Жалпы қазіргі таңда маңайымыздағы барлық ауылдар отынмен толықтай қамтамасыз етілген.
Отын кесетін қажетті техникасы жоқ ауылдықтар мемлекеттік мекемеден, не жеке кәсіпкерлерден сатып алуға мәжбүр. Соколов орман мекемесіндегі орман шаруашылықтарының бірі – “Глазок” жеке кәсіпкерлігі. Бұл қожалық қысқа отын дайындаумен қоса, ағаш өңдеумен де айналысады.
Валерий Глазок, “Глазок” ЖК басшысы:
– Былтыр біз бір текше метр ағашты 2 500 теңгеден саттық. Ал биыл 2 800 -ден өткізіп отырмыз. Бұл бағаға ағашты кесу мен үйге дейін жеткізу де кіреді.
Биыл Соколов орман мекемесіне 10728 текше метр ағаш кесуге рұқсат берілді. Мамандардың айтуынша, қысқа бір баспанаға орташа есеппен алғанда 10 текше метр ағаш қажет.
Жасын Біркенов