Спорт

Аулалық клубтар арасындағы жарыс

 

 

Аулалық клуб мүшелері жүгіру, мылтықтан ату, турникке тартылу, гранат лақтыру, газ қайтарғыш маскасын уақытқа тағудан сайысқа түсті.     

Динара Мақсұтова, “Әлем” еріктілер орталығы мүшесі:
-Біздің   орталығымыз аулалық клубтар арасында спорттық жарыс ұйымдастыруда. Бұл сайыстың мақсаты жастарды спортқа баулу.

Қалада 17 балалар мен жасөспірімдер аулалық клубы жұмыс істейді. Бүгінгі жарыс алаңына 6 клуб құрамасы жиналды. Спорттық үйірмелердің жетекшілері жастар арасындағы осындай сайыстардың пайдасы көп екенін айтады.

Ольга Торопова, “Арман” балалар мен жасөспірімдер аулалық клубының ұйымдастырушы- педагогы:
-Жаз айларында балаларды  ойын-сауық шараларымен қатар әскери патриоттық жарыстарға баулығанымыз дұрыс-ақ, Волонтерлық орталықпен бірлесіп өткізіп жатқан жұмысымыз әрі қарай жалғасын табатынына сенемін.

Петропавл қаласының алғашқы әскери даярлық оқу пункті жасөспірімдер арасында осындай  саыстарды   ай сайын ұйымдастырады. Себебі бозбалалар қатаң әскери тәртіпке бейімделуі қажет дейді олар.

Петр Озеров, Петропавл қаласының алғашқы әскери даярлық оқу пунктінің директоры:
-Біздің мақсатымыз аулалық клубтардың құрамындағы жастардың әскери даярлығын тексеру. Себебі, олар 10 сыныпта бізге келіп оқиды. Ал мұнда оқу жоспары ауқымды.

Бұл пікірмен жастар да келіседі. “Родник” балалар мен жасөспірімдер клубына барып, гимнастикамен шұғылданып жүргеніне 1,5 ай ғана болған Ілияс Байжанов мылтықты қолына бірінші рет алып тұр. Алғашқы әскери даярлықтың арқасында   қаруды оқтап, дәлдеп көздеп атуды үйренген ол сарбаздық борышын жақсы атқаратынына бек сенімді.

Ілияс Байжанов, “Родник” балалар мен жасөспірімдер аулалық клубының мүшесі:
-Маған әлі әскерге бару керек. Сол себепті бүгінгі жарыстағы тәжірибе менің қажетіме жарап қалар деп ойлаймын.

Жарыс алаңына бойжеткендер де келіпті. “Импульс” балалар мен жасөспірімдер клубында би мен үстел теннисіне машықтанып  жүрген Анастасия Ежова мұндай шараларға жиі қатысады.

 
Анастасия Ежова, “Импульс” балалар мен жасөспірімдер аулалық клубының мүшесі:
-Маған осындай жарыстарға қатысқан өте ұнайды. Себебі оқу алдында бір сергіп қалғымыз келеді. Біздің құрама спорттық сайыстарда әрдайым алда жүреді.

Сайыс жеңімпаздары мен оған қатысушылар  сыйлықтармен марапатталды. Алдағы тамыз айында аулалық клуб мүшелері шағын футбол мен шахматтан жарысатын болады.

Гүлден Сәрсенбаева