Билік

Мемлекеттік қызмет жетілдіруді қажет етеді

 

 

“Нұр Отан” партиясы еліміздегі мемлекеттік қызметтің моделін жетілдіруді қолға алды. Билік партиясы жұмысты жергілікті жерлерден бастамақ. Осыған орай өткен жиынға депутаттар, мемлекеттік органдар мамандары, кадрмен қамтамасыз ету жұмыстарына жауапты басшылар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Дөңгелек стол отырысында өңіріміздегі мемлекеттік қызметтің жәй-күйі талқыға салынды.

Виктор Молодовский, “Нұр Отан” ХДП СҚОФ төрағасының орынбасары:

Мемлекет дамыған сайын ондағы заңдар да өзгеріп отырады. Олардың қатарында мемлекеттік қызметшілер істері жөніндегі заң да бар. Одан біз де шет қалмауымыз керек. Бұл заман талабы.


Еліміздегі мемлекеттік қызмет моделі жалақыны уақтылы төлеу, баспана мәселесі мен әлеуметтік қамсыздандыруды арттыру, мамандардың қызмет сатысында жоғарылауына жағдай жасау, мемлекеттік қызметке кадр таңдау, оларды жаңа жүйе бойынша оқыту секілді бағыттарды қамтиды. Себебі бұл салада әлі шешімін күткен мәселелер бар.

Светлана Зайцева,  СҚО мемлекеттік қызметшілер істері жөніндегі агенттік басқармасы бастығының орынбасары:

-Облысымызда 17 мыңнан астам мемлекеттік қызметші бар. Соларға ішкі істер саласы қызметкерлерінікі секілді арнайы медициналық мекеме ашса дұрыс болар еді. Осындай ұсыныс жасағым келеді.


Еліміздегі мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны 102 мыңнан асады. Алайда оларға күні бүгінге дейін тиісті деңгейде жағдай жасалмаған. Мемлекеттік қызметтің моделін дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында олқылықтардың барлығы көрініс тапқан. Оған кәсіби біліктілікті арттыру, қызметшілерді аттестациялау, арнайы курстар ұйымдастыру жатады. Бұл мемлекеттік қызметшілер арасында жиі орын алатын заңбұзушылықтар санын азайтуға септігін тигізері сөзсіз дейді жиынға қатысушылар.
 

 

Самат Есмағи