Әр түрлі

Бау-бақша –аула сәні

 

 

Болат Мағазұлы  – мамандығы бойынша агроном. Алайда өз үйінің маңын көгалдандыруды қария зейнетке шыққан кезден бастап қолға алыпты. Алғашқы кезде отырғызған 70-ке жуық өскіннің біразы қурап қалған. Ал жергілікті климатқа тез бейімделіп, жапырақтарын жайып, жайқалып кеткені де баршылық.

Болат Сағындықов,“Память” қоғамдық қорының төрағасы:

-Біз жерде туып, жерде өстік. Жер ананы әлпештеу керек. Оның бетінде шығатынның бәрін күту керек. Өмірің мәнді, сәнді болу үшін жасыл ағаштармен дос болу керек.

Өз қолымен баптап өсірген ағаштардың ішінен қарияға ең жақыны қайың болса керек. Өйткені оны Болат ата туған жері Бостандық ауылынан әкеліп отырғызған. Ақындыққа жаны жақын қария қайыңға арнап өлең де шығарыпты. Ал Алматыдан келген   алма ағашы биыл алғаш рет жемісін беріп отыр.

  Болат Сағындықов,  “Память” қоғамдық қорының төрағасы:
-Алдағы уақытта да осыларды өсіріп қосамыз. Алматыдан теректің ерекше түрін әкеліп отырғызамын. Сосын рябина отырғызамын.

Әр саналы азаматтың өмірде алдына қояр мақсаты – үй салып, ағаш отырғызып, ұл өсіру болса, Болат Мағазов осы 3 міндетін толық орындады. Ол 6 бала тәрбиелеп, қазір 9 немересінің қызығын көріп отыр. Ал алда келе жатқан 75 жылдық мерейтойына ақын үшінші өлеңдер жинағын жарыққа шығармақшы.

Кәусар Аяпбергенқызы