Денсаулық сақтау

Балалар емханасы пациенттерін күтеді



 

  Жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері міндетті түрде медициналық бақылаудан өтуі қажет. Алайда қыркүйек жақындағанымен тексерістен өтуге келушілер өте аз. Дәрігерлерді қынжылтып отырған басты мәселе де осы.

Ольга Ашимова, қалалық балалар емханасының бас дәрігері:
-Тамыз айының ортасында үлкен қарбалас басталады. Сол уақытта келетін адамның көптігінен аяқ алып жүре алмай қаламыз. Сондықтан ата-аналарға айтарымыз медициналық тексерісті қазірден бастай беріңіздер.

Емханада 1 жасқа дейінгі балалар кезексіз қабылданады. Ал ересектерге алдын ала жазылу қажет. Емханаға барлығы 38 мың 84 бала тіркеуге алынған. Жеткіншектердің денсаулығын 4 невропатолог, 3 отоларинголог, 1 көз дәрігері, 3 хирург, ортопед, гастроэнтеролог және 1офтальмолог- маман бақылайды. Емхана күніне 550 адамды қабылдауға шақталған. Қазірде күніне 600-700   бүлдіршін келеді. Алайда жаздың соңында тексерістен өтушілердің саны күрт артуы мүмкін.

 Айман Мұстафина, тіркеуші:
-Күніне 250-300 бала жазылады. Тамыз айына да жазып жатырмыз
.

Ата-анасының уақыты болмаса да 3 жасар Санжар тексерістен өтуге дер кезінде келді. Гүлзада апай немересін балабақшаға орналастыруға өзі кірісіпті.

Гүлзада Дарбаева:
-Тамызда кісі көп болатындықтан біз қазірден өтіп жатырмыз.
Ертең өтіп бітеміз деп ойлаймын.  

Биылғы жылдың қаңтарынан емханада күндізгі стационар жұмыс істей бастады. Дәрі-дәрмек, дәрумендер тегін үлестірілетіндіктен мұнда емделушілер жеткілікті. Күніне 5-6 бүлдіршін қабылданады.

Сәуле Қошанова, күндізгі стационар медбикесі:
үгінде 43 бала бар. Стационар өте ыңғайлы. Балалар әке-шешелерімен келеді. Физиоемдеу алады, массаж, гимнастика өтеді.

Емхана дәрігерлері ата-аналарға оқушыларды тексерістен өткізуге ертерек қамдану қажеттігін еске салады.

Кәусар Аяпбергенқызы