ТКШ

Жер дауы шешімін тапты



 

 Интернационал көшесіндегі 49-шы  үй – қаланың орталығындағы арал іспетті. Жағалай орналасқан биік үйлер арасында екіқабатты баспана орын тепкен. Айнала темір қоршау бар. Осы аула 2008 жылы белгісіз біреуге сатылып кетіпті.Ал заң бойынша жер учаскесіне осы үйдегі екі тұрғын иелік етеді. Облыстық соттың кассациялық алқасы жуырда бұл мәселеге қатысты шешім шығарды. Аталмыш орган тұрғындардың мүддесін қорғап шықты.

Алексей Бырдин,  ҰОС ардагері:

-Сот әділ шешім шығарды. Біз 9 ай бойы осы мәселемен бірнеше органның табалдырығын тоздырдық. Енді жеңіске жеттік.

Ал №43 және №5 мектептердің  арасындағы стадион керісінше оқу орындарының меншігінде қалды. Облыстық соттың соңғы шешімі осыған келіп саяды. Алайда ол әлі күшіне енген жоқ. Сондықтан жер учаскесінің иесі сотқа қайта арыздануы мүмкін. Бұл жағдайда жер дауы қайта жанданбақ.

Сәуле Тоқышева, өңіраралық жер инспекциясының бас маманы-заңгері:
-Олар шешімнің көшірмесін алғаннан кейін 15 күн ішінде арыз түсіре алады.

Екіқабатты тұрғын үйдің мәселесіне қайта оралсақ. Бір қызығы, осы аула мен Абай, 47,  М.Жұмабаев, 109 мекенжайындағы учаскені бір тұлға сатып алыпты. Бұл азаматтың үш мәрте жер үлесіне қалай иелік еткені белгісіз.

 Тимур Әбдірешев