Қылмыс

Қылмыстық оқиғалар

 

 

 

Бұл жайында арнайы брифингте Әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбет мәлім етті. Оның айтуынша, 30 адамның он үші емдеу мекемесіне жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілді. Қазір жетеуінің денсаулықтары қалпына  келгендіктен жазасын өтеу орнына қайтарылды. Қаза болғандар жоқ. Агенттіктің мәлімдеуінше, жазасын өтеп жатқандардың мұндай қарсылығына түзету мекемесіндегі қатаң талаптар себеп болған.

Ішімдікпен көңіл көтерудің соңы көп жағдайда қайғылы оқиғаға ұласып жатады. Облыста тіркелген кісі өлтіру фактілерінің негізгі бөлігіне арақ себеп болады дейді полицейлер. 33 жасар ауыл тұрғынының өмірін қиған осындай оқиға Қызылжар ауданында тіркелді.

49 жастағы ер адам кешке таман ауылдасына отын жарысуға барады. Жұмысты таң сәріде бастаймыз деп келіскен олар кешті көңілді өткізу үшін арақ ішеді. Алайда қызу отырыстан кейін, ащы суға тойып алған екеудің арасында жанжал туындап, отын жаруға көмектеспекші болып келген ер адам жолдасына ас пышағын сұғып алған. Мас күйінде қылмыстық әрекетке барған ол  ізін жасыру үшін мүрдені Шақау  селосынан бірнеше километр қашықтықтағы орманға апарып тастаған. Полиция қызметкерлеріне қаныпезерді табу қиынға соққан жоқ. Мастықпен біреудің жанын қиған ол есін жиған соң қолымен істегенді мойнымен көтеруді жөн санап, көрші-қолаңнан жедел жәрдем мен полицияны шақыруды өтінген.  Факті бойынша ҚР ҚК 96-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, қылмыскер қамауға алынды.

Кәусар Аяпбергенқызы,

 Гүлден Сәрсенбаева