Қылмыс

Құтқарушылар жағажайда жаттығу өткізді

 

 

 

Адамдардың көбі арнайы рұқсат етілмеген жағалауларда дем алады. Мұндай жерлерге көмек те кеш жетеді. Ал құтқару қызметіндегілер демалушылардың бәрін бірдей арнайы белгіленген орындарда ұстаудың мүмкін еместігін әбден түсінген. Сондықтан олар демалушыларға суға кеткен адамды ажалдан аман сақтап қалудың әдістерін көрсетті. Ең бастысы батып бара жатқан адамға жету дейді мамандар.

Константин Алеферов, “”Апат медицинасы орталығының” СҚО филиалының директоры:

-Құтқарушылар тарапынан жасалатын алғашқы қателік – суға батып бара жатқан адамға алдынан келуге болмайды. Себебі онсыз да қорыққан адам құтқарушыны құшақтап, өзімен бірге су астына алып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда дереу су астына сүңгіп, батып бара жатқан адамның сыртынан шығып, қаусыра құшақтап, жағаға тарту қажет.

Жағаға жеткізілген адамның тыныс алу жолдарын тазалау, осылайша дем алдыру шараларын жасау да үлкен біліктілікті қажет етпейді. Есесіне әр секунд, минут қымбат.  

Константин Алеферов, “”Апат медицинасы орталығының” СҚО филиалының директоры:

Асқазанды судан босатып, мұрын арқылы  үрлеп дем беру керек. Жағын ашып, басты шалқайту керек. Екінші құтқарушы кеуде тұсынан жасанды дем береді.

Уақытты тиімді пайдалану, судан дұрыс алып шығып, жасанды жолмен тыныс алдыртудың арқасында адамды құтқарып қалуға болады. Сонымен қатар суға түсер алдында сақтық шараларын да орындаған дұрыс.

Болат Мұстанов, құтақарушы-сүңгуір:

-Демалушылар дұрыс демалуды білмейді. Ішімдік ішіп, суға түседі.

Жыл басынан бері 31 адам суға кеткен. Арнайы құтқару қызметі 36 жанның өміріне араша түсіп, аман алып қалған. Сондықтан суға қарапайым сақтық шараларын сақтап, құтқару жолдарын үйреніп шыққан абзал.

 Әсем Сембина