Билік

Петропавл қалалық мәслихатының кезекті сессиясы өтті

 

 

 

2010 жылдың бірінші жартысында біраз шаруаның басы қайырылған. Қала әкімі Нұржан Әшімбетовтің баяндамасына қарағанда, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгерістер байқалады. Инфляция деңгейі 7,2 пайызды құраған. Ал ағымдағы жылы Үкімет сегіз пайыздық дәлізді белгілеген болатын. Әлеуметтік салада серпіліс бар. Биыл балабақшалардың қатары артты. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамсыз ету бағытында да тындырылған жұмыс жетерлік. Алайда кемшіліктер де жоқ емес. Енді оларды екінші жартыжылдықта жою міндеті тұр.

Нұржан Әшімбетов,  Петропавл қаласының әкімі:
-Бірінші кемшілік – бюджеттің кіріс бөлігі орындалмады. Бұл 50 млн. теңгеден астам қаржы. Екінші жартыжылдықта бұл мәселемен айналысамыз. Екінші мәселе – тұрғын үйлерді уақытында тапсыру керек. Биыл жеті үй тапсыруымыз керек. 4 үй коммуналдық, 3-і ипотекалық.

Сонымен қатар жұмыссыздық деңгейін төмендету, қысқа дайындық, облыс орталығын абаттандыруға қатысты мәселелер күн тәртібінен түспейді. “Жол картасының” орындалуы қатаң бақылауда болмақ. Бүгінде бағдарлама бойынша қалада 64 жоба жүзеге асырылуда. Бірінші жартыжылдықта бөлінген қаржының игерілуі 96 пайызды құрады. Жөндеу  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарында қарқынды түрде жүріп жатыр.

 Қайролла Ғалеев, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалдау бөлімі бастығының міндетін атқарушы:
-Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында он бес жоба жүзеге асырылуда. Бұл мақсатқа 1 млрд. 210 млн. теңге бағытталды. Бүгінгі күні аталған нысандарда 710 адам еңбек етіп жатыр. Облыс орталығының 56 көшесінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қараша айында дейін аяқтау жоспарланған.

Отырыста білім беру бөлімі бастығының есебі де тыңдалды. Биыл үш жылға арналған бағдарлама аяқталады. Екінші жатыжылдықта білім беру жүйесін дамытуды көздейтін жаңа іс-шаралар жоспары әзірленеді. Ал сессия соңында қалалық мәслихаттың депутаты Анатолий Мишинге “Петропавл қаласының құрметті азаматы” атағы берілді.

 

Айымгүл Әбілева