Балалар

Көңілді демалыс пайдалы жұмыспен ұштастырылды

 

 

Таза ауа, әсем табиғат және жас қыз-жігіттер. Бір қарағанда бұл көрініс көңілді жазғы демалысқа ұқсайды. Әйтсе де, мұндағы жастар жақсы демалыс пен жұмысты үйлестіріп үлгеруде. Алғашқы күні олар “Ұлтаралық қатынастар” тақырыбында дәріс тыңдап, дөңгелек үстел өткізді. Ал бүгін семинар-тренинг. Ол да ұлттар бірлігі мәселесімен сабақтас.

 
Қазақ, татар, орыс кәріс. Отырған жастардың арасынан түрлі ұлттың өкілдерін кездестіруге болады. Барлығының пікірлері бір жерден шығып, жарастық тауып жатыр. Әр халықтың өзіне тән ерекшелігі болады. Соларды жекелей атап өту арқылы жастар бір-бірінің мәдениеті, діні жайлы тың мәліметтермен алмасты.

Рүстем Есенбергенов,  «Жас Отан» жастар ұйымының мүшесі:
-Маған ең ұнағаны мұнда түрлі ұлт өкілдері бар. Солар жайлы өзіме көп мәлімет ала алдым. Елбасы Жолдауының жастар жайлы бабын талдадық.

Жиынға студент және жұмысшы жастар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен белсенділерінен құралған барлығы 30-ға жуық адам қатысты.  

Зәкіржан Мамлютов, ақпараттық-сараптамалық жастар орталығының жетекшісі:
-2 күн ішінде жастармен семинар, дөңгелек үстелдер өткізуді жоспарладық. Солардың бәрін өткіземіз деп ойлаймын.

Қаланың шуынан қашық жерде көңілді демалыс пен пайдалы істі қабыстырған мұндай бағдарлама енді жиі ұйымдастырылады дейді белсенділер.
 

Кәусар Аяпбергенқызы