Білім

Жаңа оқу құралы

 

 

 3 тараудан тұратын электрондық құрал іс қағаздарын  мемлекеттік тілде жүргізушілер үшін құрастырылған. Кітаптың басты ерекшелігі оның “Ойна, ойла, үйрен” деген ойын негізінде жасалғандығы. Автор Шолпан Кинжикова  – 10 шақты оқу-әдістеме құралдарының  авторы. Соңғысы оның “Келіңіз, қазақша сөйлесейік” атты кітабының жалғасы іспетті.

Шолпан Кинжикова, электрондық құрал авторы:
– Мемлекеттік тілде жазылып жатқан құжаттардың сапасын арттыру – мақсаты. Дәстүрлі, дәстүрлі емес түрлері ғой оқытудың, сондағы мақсаты  – жеңілдетіп, қызықтырып оқыту.

Аталған ойын тіл үйренушілерді қызықтыра отырып, қазақ тілінің әлеміне терең бойлата береді. Сондықтан жиналғандар құралдың тиімділігін бірден аңғарды.

Әсем Сүлейменова, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы:
– Осылайша ойын арқылы оқыту тиімді деп санаймын. Оны жұмыстан тыс уақытта, өздігінен оқи алады.  

Әдістемені құрастыруға маман үш жылын арнапты. Енді құрал бір айдың ішінде оқырманның қолына тимек. Әзірге автор еңбегін баспа түрінде таныстырды.

Кәусар Аяпбергенқызы