ТКШ

Коммуналдық қызмет саласында тағы бір кәсіпорын құрылды

 

 

Монополияға қарсы агенттіктің шешімі осындай. Енді “Коммунхоз” қатты қоқыстарды жалғыз шығармайды. Монополист бұл міндетті екінші кәсіпорынмен бөлісті. Ол “Жолаушы СК” серіктестігі. Сондай-ақ мұндай шаруамен “Спецавтотранспорт” және “Мюльсервис” кәсіпорындары айналыспақ.

Петр Хомягин,  “Жолаушы СК” ЖШС учаске бастығы:
– Біздің тарифымыз 110 теңгені құрайды. Ал “Мюльсервис” пен “Спецавтотранспортта” 125 теңгеден. Бүгінгі күні олар да тұрғындармен келісім-шартқа тұрып жатыр.

Қоқыс шығару туралы өзгеріс жайында хабарландырулар үйлердің есігінде осыдан екі апта бұрын ілінген болатын. Қазіргі таңда бірқатар тұрғындар жаңа кәсіпорынмен келісімге тұрып үлгерді. Коммуналдық қызмет көрсетушілер тұрмыстық қалдықтарды шығаруда еш қиындықтар туындамайды деп уәде беріп отыр.

Татьяна Виттенберг, Кошуков көшесі, 14-ші үйдің тұрғыны:
 – Біз бұл хабарландыруды оқығанбыз. Мұндай жұмыстармен пәтер иелері кооперативінің төрағасы айналысады. Бұрын мына арада қоқыстың көптігі соншалық, тіпті ине шаншар жер болмайтын. Ал қазір мұнда тазалық орнады.

Жасын Біркенов