Ауыл шаруашылығы

Әкімдердің қызметі шөп дайындау нәтижесіне байланысты бағаланады

 

 

Өңір басшысы бұл жұмысқа жөнді көңіл бөлмеген аудан және ауылдық округ әкімдерінің қызметін қатты сынға алды. Ірі серіктестіктерде науқан қарқыны ойдағыдай. Ал жеке секторда жағдай алаңдаушылық туғызады. Кейбір селолық округтердегі үйлерге бір де бір тонна шөп жеткізілмепті. Қуаңшылықты кейбір алыпсатарлар өз мақсатында пайдаланып қалмақшы. Бүгінде жемшөптің бір тоннасының бағасы 15 мың теңгеге дейін жетті. Шөптің құны 3-4 мың теңгеден аспауы тиіс. Өңір басшысы аудан әкімдеріне осындай тапсырма жүктеді. Сондай-ақ Серік Біләлов аудандағы шөптің жиналуына қарап, әкімдердің жұмысы салмақталатынын ескертті.

Тимур Әбдірешев