Құқық қорғау органдары

Жол полициясының акциясы

 

 

 

 

Акцияның басында облыстық жол полициясы басқармасының алдында БАҚ өкілдерімен брифинг өтті. Мұндай шара алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Журналисттердің сұрақтарына бөлім басшылары жауап берді.

Мереке Дәулетбаев,  СҚО ІІД ЖПБ бөлім бастығы:
 – Жыл басынан облысымызда балалардың қатысуымен 11 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Олардың салдарынан 12 бала жарақат алды. Ал балғындардың қаза болу фактісі тіркелмеген. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 30 пайызға төмен. Бірақ   босаңсуға болмайды.

Бұдан соң апатқа  ұшыраған көліктер тиелген эвакуаторлар, жол полициясының экипаждары қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті.  Жаз уақытында жол қозғалысы белсенді болады. Сондықтан тәртіп сақшылары қалалықтарға сақ болуды ескертеді.

 Әбілсейіт Жолаушин,  СҚО ІІД ЖПБ қызметкері:
-Үстіміздегі жылдың 6 айында СҚО 112 жол апаты тіркеліп, 23 адам қаза тапты. Ал 130 адам жарақат алды. Сондықтан осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін түрлі акциялар өткізіп жатырмыз. Бүгінгі шараның мақсаты – тұрғындардың назарын жол қозғалысы мәселесіне аудару.

Статистикалық мәлеметтерге сүйенсек, жол-көлік оқиғалары  қалада сағат 12 -14 және 16 -18 аралықтарында көп болады екен.

Жасын Біркенов