Бизнес және экономика

Жаңа базар ашылады

 

 

 

“БК Маркет” ЖШС -нің ресми өкілдігі солтүстік өңірде жуық арада жұмысын бастамақ. Ал жаңа құрылыс материалдары базары шілденің он тоғызы өңір халқына есігін айқара ашады. Сапалы әрі қымбат емес құрылыс материалдарын солтүстікқазақстандықтар 3-ші  Сенная көшесі, 56 мекен-жайы бойынша сатып ала алады.
“БК Маркет” ЖШС   ірі неміс құрылыс материалдары компаниясы “КНАУФ-тың” ресми өкілі болып табылады.

Евгений Ким, “БК Маркет” ЖШС өкілі:
“БК Маркет” ЖШС  “БК Строй” компаниялар тобына кіреді. Кәсіпорын құрылыс материалдарын тасымалдаумен айналысады. Екі ірі құрылыс фирмасымен жұмыс жасаймыз. “Кнауф” компаниясымен іскерлік қарым-қатынас орнатқанымызға бес жыл.

Жиырма метрлік автопоезд – әрі көлік, әрі жылжымалы көрме. Осылай  “КНАУФ” неміс компаниясының өкілдері Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, өз өнімдерімен жұртшылықты таныстыруда. Құрылысқа қажетті материалдардың сапасы жақсы әрі бағасы да қалта көтерерлік дейді олар. “БК Маркет” серіктестігінің құрылыс нарығына шыққанына биыл жеті жыл. Аталған кәсіпорынның дүкендері бүгінде Қостанай және Рудный қалаларында ашылған.

 Евгений Ким, “БК Маркет” ЖШС өкілі:
-“БК Маркет” ЖШС – неміс компаниясының ресми дилері болып табылғандықтан, құрылыс материалдарының құны нарықтағы бағадан арзан.  

Петропавл – неміс компаниясының өкілдігі ат басын бұрған жетінші қала. Автопоезд енді Павлодар қаласына жол тартады.

 

Айымгүл Әбілева