Балалар

Шай туралы дәріс

 

 

 

 

Психология, биология ғылымдарының докторы, профессор Василий Шандыбин Петропавлға алғаш рет келіп отырған жоқ. Адамды психосоматикалық сауықтыру мен оның шығармашылық әлеуетін арттырудың әдісін ойлап тапқан академиктің дәрісін тыңдаушылар әр кез табылады. Василий Шандыбин шайдың емдік қасиетін зерттеп жүр. Шайды әсем әуен тыңдап ішудің денсаулық үшін пайдасы аса зор дейді ол.

Василий Шандыбин, психология, биология ғылымдарының докторы, профессор:
Шайдың әр түрін ішу кезінде – бұл қызыл, сары, жасыл, көк, күлгін, ақ, алтын шай – ағзаның тазаруы жүреді. Шай асқазан-ішек жолдары, бүйрек, бауыр, жүрек-қан тамыры жүйесінің жұмысын жақсартады.Астың қорытылуын жеңілдетіп, тез сіңуіне септеседі. Және шайды әсем әуен тыңдап ішу керек .

Кездесуде интернат тәрбиеленушілері шайдың әр түрінен ішіп, дәмін татты. Профессордың айтуынша, бұл сусынды кішкентай шыныаяқпен ішу керек. Сонда шайдың керемет дәмін шын мәнінде сезінуге  болады екен. Бұл әдіс арқылы адам өзін өзі таниды дейді Василий Шандыбин. Сөйтіп, жасырын жатқан мүмкіндіктерінің көзі ашылуы мүмкін. Бұл тәжірибені сынап көрген оқушылар  өз бойларындағы құбылысты байқағандарын айтты.

Наталья Некрасова, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушісі:
-Мен шай ішу рәсіміне үшінші рет қатысып отырмын. Біріншісінен кейін сазбалшықпен әуестене бастадым. Ал екінші кездесуден кейін сурет салу қабілетім ашылды. Бұрын ешқашан сурет салған емеспін. Қазір енді түрлі байқауларға қатысып жүрмін.

Профессор он жылдан астам уақыттан бері Қазақстан, Ресей, Украинаның түрлі қалаларында болып, авторлық семинарлар мен шай рәсімдерін өткізіп жүр. Осы уақыт аралығында мыңға жуық адам сауығыпты.

 Айымгүл Әбілева