Қылмыс

Жыл басынан облыс өзен-көлдерінде 30 адам суға кетті.

 

 

 

 

 

 

Есілдің бойында суға шомылатын белгіленбеген  орындар жетерлік. Қайықпен жүзіп өткен біздің арнаның түсіру тобы осындай  5 “жабайы жағажайды” көрді. Өзен жағасында шомылып жатқан адам көп, ал құтқарушы жоқ.

 

Сергей Черкасов, 2-ші разрядтағы суда құтқару қызметінің бастығы:
-Жабайы жағажайларға адамдар ішімдік ішуге жиналады. Ал мас күйінде суға батып жатса, оны алып шығатын құтқарушылар болмайды. Осылайша, қайғылы оқиғалар орын алып жатады.

Облыс орталығында екі ресми жағажай бар. Оның бірі – Пестрое көлінде.  Екіншісі- Есіл өзенінің бойында. Бұл қоғамдық орын арнайы құрылғылармен жабдықталған. Полицейлер әрдайым тәртіпті қадағалайды. Ал бүкіл жағажай мұнараға шыққан құтқарушының  көз алдында. Сондықтан тұрғындар да өздерінің өмірлері үшін алаңдамайды.

 Тұрғындар:

-Рұқсат етілмеген жағажайда суға түсу қауіпті. Судың тереңдігі қанша екенін білмейсің. Сіңірің тартып қалса, құтқарушы жаныңнан табылмайды.
-Бұл жағажай жабдықталған. демалатын халық да тәртіпті, ал жабайы орындарға баруды қаламаймын.

Бүгін ауа температурасы 35 градусқа дейін көтерілді. Яғни, сәбиден кәріге дейін барлығы ыстығын суға шомылу арқылы басады. Қайғылы оқиғалардың жиілейтін уақыты осы. Суда құтқару қызметі жыл басынан бері 36 адамның өміріне араша түсе алды.  

 

Сергей Черкасов, 2-ші разрядты суда құтқару қызметінің бастығы:
-Жыл басталғалы 30 адам суға кетті, оның төртеуі бала. Суға шомылу маусымы басталғалы қайғылы оқиғалар жиілеп кетті.

 Қос жағажайда 10 маман күні-түні кезекшілік етеді. Аудандарға екі арнайы топ әрдайым шығып тұрады. Бірақ адамдардың да өз өмірлеріне сақ болғандары абзал.

 

Тимур Әбдірешев