Билік

«Нұр Отандағы» қабылдау



 

 

 

 “Бизнестің жол картасы -2020” бағдарламасы бойынша әуелгіде 200-ден аса жоба жүзеге асырылады деп жоспарланған. Бүгінде әр жоба бойынша қызу талқылау жүргізіліп, құжаттар реттелуде. Бағдарлама бойынша бөлінген қаржының алғашқы легі облысқа келді де.

Александр Иванищев, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті бастығының орынбасары:

-Біздің облысқа 560 миллион теңге бөлінді, алғашқы 111 миллион теңге түсті.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Самат Ескендіров өткізген алғашқы қоғамдық қабылдауға бағдарламаның көмегіне жүгінбек болған бірнеше кәсіпкер келді. Оларға “Бизнестің жол картасының” тиімді тұстары ұсынылды. Марианна Бабина ұзақ жылдардан бері өзі дайындайтын косметологиялық кремдерді өндіріске қоюды мақсат етеді. Химиялық қоспаларсыз табиғи таза өнімнен әзірленген заттарды отандық брендке айналдыруға болатындығына сенімі мол. Әзірге ғажайып идея мен тәжірибе ғана бар, қажеті  – несие арқылы өндірісті дамыту. Кәсіпкерге кепілдікке қойылатын мүліктің 50 пайызын бағдарлама бойынша төлеу ұсынылды.

Марианна Бабина, “Инсаит косметология” ЖШС директоры:

-Бізге қолдау білдіруге уәде берді. Ақыл-кеңес айтты. Алдағы уақытта банктер де қызығушылық танытып, қаржыландырады дегенге сенеміз.

Кәсіпорынды сауықтыру үшін несие Петропавл ауыр машина жасау зауытына да қажет. Бұл кәсіпорынмен «Халық банкі» айналысатын болды. Ал құрылыс материалдары зауыты тапсырған кредитті субсидиялауға арналған құжаттар үйлестіру кеңесінің қарауынан өтіп, Астанаға жөнелтілуге әзірленуде.

Самат Ескендіров, СҚО әкімінің бірінші орынбасары: -Бүгінгі “Нұр Отандағы” қабылдауда   “Жол картасына қалай кіреміз” деген барлық сұрақтарға жауап алынды. Ең басты проблема бизнесте жүрген азаматтар документ жұмыстарын тездетіп істеп жатқан жоқ.

Қоғамдық қабылдауда бұл жұмысқа қарқын беру, белсенділік таныту қажеттігі айтылды.

Әсем Сембина