МТРА жаңалықтары

Тазалық – саулық кепілі

 

 

 

  

Аптап ыстықта түрлі инфекциялық ауруларды жұқтыру қаупі да жоғарылайды. Бактериялардың негізгі таралу көзі – жуылмаған жеміс-жидек, дұрыс өңделмеген тағамдар немесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен азық-түлік.  

Юрий Пузиков, мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаменті директорының орынбасары:
-Біз жағдайды күнде бақылап, мониторинг өткізіп отырамыз. Сондықтан ішек ауруларына шалдығу көрсеткіші жыл сайын төмендеп келеді. Мынадай ыстықта ең алдымен тазалықты қатаң сақтау қажет.

Санитар дәрігерлер қазір қаламыздағы жағдай қалыпты деп отыр.  Дегенмен соңғы 6 ай ішінде 533 адам түрлі инфекциялық ішек ауруларына шалдыққан. Ал балалар арасына жиі кездесетін дизентерия 2,6%-ға төмендепті.

Юрий Пузиков, мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті директорының орынбасары:
шек ауруларының ішінде ең қауіптісі холера. 20 мамырда басталған тексеріс кезінде 200-дей сынақ өткіздік. Әйтеуір ауру қоздырғышы табылған жоқ.

Шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде суға түсу аса қауіпті. Ең дұрысы суы үнемі тексерліп, сараптаудан өтіп тұратын жағажайлар мен өзен-көлдердің маңында демалған дұрыс. Біз сөзге тартқан қала тұрғындары жұқпалы ішек ауруларынан сақтанудың жолы – тазалық дейді.
 

Тұрғындар:

-Бәрін жуу керек, тазалау керек, қол жуу керек. Сосын шетте сататындардан алмау керек.

– Көкөніс-жемісті жақсылап жуамыз.
-Жемістерді жақсылап жуып жейміз. Арнайы салфеткаларды қолданамыз.  

-Бәрін жуып, тазалап, дезинфекция жасау керек.

Кәусар Аяпбергенқызы