МТРА жаңалықтары

Малдарға дәрі егу жоспары орындалды

 

Вакцинация ветеринарлық талаптарға сай қаңтар, ақпан айларында, мал өріске шықпай тұрып жүргізілуі тиіс. Сақтық шаралары қауіпті аурулардың  таралуынан қорғайды. Ауру мал анықталған жағдайда ветеринарлар оларды өзге малдардан оқшаулау жағын қарастыруы керек. Ауру малдың сүті, еті арқылы бруцеллез адамға жұғуы мүмкін. Мамандар өңірде қауіпті дерттердің алдын алу жоспары толығымен орындалды деп отыр.

Берік Әлжанов, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы:
-Облыста 273 мың ірі қара бруцеллезге қарсы егілді. 177 мыс ұсақ мал егілді. Түберкулезге қарсы 135 мың жылқы егілді.

Сібір жарасына қарсы 392 мың бас ірі қара мен 312 мың қой, 80 мың шошқа мен 75 мың жылқы егілді.
Қазір елімізде сақтық шараларын қатаң орындау талап етіліп отыр. Мамандар басқа жақтарға шығатын ет пен сырттан келетін өнім ұдайы бақылауда дейді. Ауру емес деген құжаты бар мал ғана союға жіберіледі. Жақында облыс ветеринарлары күзгі вакцинацияны бастағалы отыр. Бұл жұмыстарды облыс бойынша 170 мал дәрігері жүзеге асырмақ. Мамандар дәрі-дәрмек қоры жеткілікті дейді.

Дана Ғизатова