МТРА жаңалықтары

Кәсіпкерлердің ұсыныстары Парламентте қаралады



 

 

Жиын басында Кедендік Одақтың артықшылықтары  айтылды. Оның арқасында тауарларды өткізу нарығын кеңейту үшін үлкен мүмкіндіктер пайда болды. Салық төлеу де жеңілдеп қалды. Мәселен, кедендік рәсімдеу жойылып, сәйкесінше, шығындар азайды. Алайда кәсіпкерлерді әлі мазалап жүрген мәселелер баршылық. Айталық, импорттау кезінде азаматтар тауарды тасымалдауға өтініш жазады. Бұл құжатты бизнес өкілі салық органдарына қағаз және электронды түрде тапсыруы қажет. Неге тек электронды түрде тапсырмасқа дейді кәсіпкерлер.

Сергей Клямер,  СҚО бойынша салық департаменті Кедендік одақ аясындағы жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бастығы:
 – Бұл құжат қосымша құн салығын төлеуге негіз болады. Өтінішті Кедендік Одақ мүшелерінің салық органдарына қалай жеткізетіні әлі толығымен шешілген жоқ. Сондықтан уақыт өте келе өтінішті қағаз түрінде тапсыру жойылатын шығар.

Шетелден әкелінген тауар туралы кәсіпкерлер салық департаментіне мәлімдейді. Ал бұл құзыретті орган олардың өтінішін 10 күннің ішінде қарастырады. Бизнес өкілдерін мұндай мерзім қанағаттандырмай отыр.

Сергей Клямер, СҚО бойынша салық департаменті Кедендік одақ аясындағы жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бастығы:
– 10 күн ішінде салық органы салық алымдарының дұрыстығын тексереді. Бұрын бұл жұмыстармен кедендік бақылау орындары айналысты. Ал салық органдары үшін бұл жаңа жұмыс болып табылады. Сондықтан оларға осы орайда қандай да бір қателіктер жасамау үшін уақыт керек.

Болашақта бұл мерзім қысқартылады дейді салық органдарының өкілдері. Кедендік Одақ жұмыс істей бастағалы кәсіпкерлер тап болған қиындықтардың шешімін бірлесіп табу жөнінде жиынға қатысқан ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Иван Чиркалин  бизнес өкілдеріне ұсыныс жасады.

Чиркалин, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:
-Мұндай сұрақтарыңыз болса, жазбаша түрде  жіберіңіздер. Бірлесіп шешімін табамыз.

 

Жасын Біркенов