Білім

СҚМУ түлектеріне диплом тапсырылды

 

 Үлкен білім ордасынан жыл сайын қанат қағатын түлектер – еліміздің ертеңгі тізгінін ұстайтын білікті мамандар. Биыл Тіл және әдебиет институтын тәмамдап отырған 265 түлек бірнеше жылғы еңбектерінің жемісін көріп, қалаған мамандық иесі атанып отыр. Оның қырық тоғызы қызыл дипломға ие болды. Түлектерді қуаныштарымен оқытушылары мен ата-аналары құттықтап, ақ жол тіледі. Жас мамандардың еліміздің лайықты болашағын қамтамасыз ететіндеріне мол сенім білдірілді. Биылғы түлектердің көпшілігі ауылдық жерге барып еңбек етуді көздеп отыр. Бұл жерде “Дипломмен – ауылға” бағдарламасының жастарды барынша ынталандырып отырғанын айту керек. Университетте  арнайы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілген. Сөйтіп, жарқын болашаққа жол ашатын құжаттары қолға тиісімен бұл жастар ауылға тартады.
 

 

 

Айымгүл Әбілева