Денсаулық сақтау

Көшеде сатылатын азық-түлік қауіпті

 

 

 

 

Қазіргідей аптап ыстықта көшеде  рұқсатсыз жұмыртқа, сүт өнімдерін сатушылар қатары сирегенімен, халыққа келер қауіп азайған жоқ.

Татьяна Горлова,  мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаменті директорының орынбасары:
-Тексеріс кезінде біз 36 сүт сатушының өнімінен инфекциялық ауру жұқтырғыш таптық. Сол сияқты даладан жұмыртқа сатып алу да қауіпті. Себебі оның құрамы тексерілмейді, көп уақыт бойы сақталады. Оларды өңдеусіз мүлде қолдануға болмайды. Соңғы шыққан кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес қазір біз алдын ала ескертусіз сауда орындарын тексере алмаймыз. Оны арнайы құрылған жедел топ жүргізуі тиіс.

Ашық жерлерде өнім сатып жатқандар туралы тұтынушылардың пікірі әр  түрлі.

Тұрғындар:

-Бұл жерден алмаймын, қорқамын, дүкендерден аламын.
-Жоқ, қорықпаймын, аламын. Алып жеп жатырмыз, әлі ештеңе шыққан жоқ ішінен. Көбінесе мен жұмыртқа аламын, қалғанын «Шапағаттан» аламыз.

-Қорқыныштылау, күні бойы ыстық күн астында жатқан жұмыртқада балапан пайда болуы да мүмкін. Мен қымбаттау болса да, дүкеннен алуға тырысамын.

Ал санитар дәрігерлер бұл ретте ауылшаруашылығы жәрмеңкелерінің  сөрелеріне қойылған өнімдерді алу дұрыс екендігін айтады. Себебі ол өнімдер толық тексерістен өтеді.  Яғни денсаулыққа келер еш қауіп жоқ.

 Кәусар Аяпбергенқызы