Құқық қорғау органдары

Дубровное селосының маңынан граната табылды

Мамлют ауданындағы Дубровное маңындағы көлдің жағалауынан гранатаға ұқсас зат табылғанын Мамлют аудандық ішкі істер бөліміне учаскелік полиция инспекторы хабарлайды. Қауіпті затты 13 жасар бала тауып алған екен. Жетінші сынып оқушысы жарылғыш зат жайлы әкесіне айтады.

Александр Чекмарев, Дубровное орта мектебінің оқушысы:
-Мен көлге қаздарымды қарауға барғанда жерде жатқан гранатаны көрдім. Қорыққан жоқпын. Жарылғыш зат тапқанымды әкеме айттым.  

Александр Чекмарев, Дубровное орта мектебінің оқушысы:
-Мен көлге қаздарымды қарауға барғанда жерде жатқан гранатаны көрдім. Қорыққан жоқпын. Жарылғыш зат тапқанымды әкеме айттым.  

 

Тот басқан гранатаның жолда жарылу қаупі болғандықтан сараптамаға жіберілмеді. Сондықтан полиция қызметкерлері барлық қауіпсіздік шараларын қолданып, гранатаны табылған жерінде жойды.
Бұдан кейін «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімінің саперлері граната табылған жерді толығымен тексеріп шықты. Басқа жарылғыш зат табылған жоқ.

Амантай Қисатов,  СҚО ІІД «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімі командирінің орынбасары:

-Бұл Азамат соғысы кезінен қалған ескі граната, оны тротил шашкасын қолдану арқылы жоюға шешім қабылданды. Гранатаны жою барысында барлық қауіпсіздік шаралары қолданылып, жарылғыш зат табылған жер қоршауға алынды. Граната ойдағыдай жойылды.

Жыл басынан бері жарылғыш зат табылғаны жөнінде төрт хабарлама түскен. Алайда граната бірінші рет жойылды. Өзге үшеуі жалған ақпарат болып шықты. Полицейлер оқ-дәрі немесе басқа да күдікті заттарды тапқан кезде тұрғындардың бірден ішкі істер органдарына хабарлауы қажеттігін айтады.

Айымгүл Әбілева