Билік

230 мүгедектің жүріп-тұруы жеңілдейді

 Ұлы Отан соғысының ардагері Георгий Попов – сұрапыл жылдардың азабын молынан тартқан азаматтардың бірі. Жыл өткен сайын майдангердің денсаулығы сыр беріп келеді. Соңғы 2-3 айдан бері  жүруден де қалған. Ал  қоларба ардагерге аулаға шығып серуендеуге мүмкіндік береді. Бұл арбаны  Поповтар отбасы ұзақ күткен жоқ.  Жеңіс  мерекесі  қарсаңында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш  түсірген. Екі айдың ішінде Литва зауытында жасалған арба   иесін тапты.

 Любовь Воропаева, ардагердің зайыбы:
-Георгий Иванович жақында жүре алмай қалды. Арба осылайша  тез беруледі деп ойламаған едік. Енді жиі-жиі сыртқа шығып серуендеп тұрамыз.

 Любовь Воропаева, ардагердің зайыбы:
-Георгий Иванович жақында жүре алмай қалды. Арба осылайша  тез беруледі деп ойламаған едік. Енді жиі-жиі сыртқа шығып серуендеп тұрамыз.


 Енді Георгий Иванович келесі Жеңіс күніне дейін арбаға шағын мотор орнатып алуды жоспарлап отыр. Биыл далада серуендейтін арбамен 11 мүгедек  қамтамасыз етіледі. Өтініш  бойынша тағы  балаларға арналған 4 мүгедек арбасы алынған.

 Анастасия Еленич,  қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы:
– Үстіміздегі жылы кресло-арба 112 азаматқа тапсырылады. Оның 97-сі пәтерішілік  арбалар. Әрбіріне кепілдік берілген.
 
 Облыстық бюджеттен бұл мақсатқа 10 млн теңге бөлінді.

 

Гүлмира Шоқтыбаева