Бизнес және экономика

Салық қызметі Кеден кодексі бойынша енгізілген өзгерістерді түсіндіруде

 

 

 

 Кеден одағы халықаралық саудаға қатысатын кәсіпкерлерге біршама жеңілдіктер береді. Алдымен, шекарадан өткенде уақыт үнемделеді, төлемдер саны айтарлықтай  қысқартылды. Салық төлеушілерге қосымша құн салығын, акциз салығын төлеуден де жеңілдіктер қарастырылған. Бұған дейін салықты товар сатылғанға дейін  төлеу керек болса, енді жүк шекарада тіркелгеннен кейін келесі айдың 20-на дейін  төлеуге болады.   Құжаттарды рәсімдеу тәртібіне де өзгеріс енгізілді. Айталық, импорттау кезінде азаматтар тауарды тасымалдауға өтініш жазады. Бұл құжат оның салық төлеуші ретінде тіркелген жерінде рәсімделеді.

Сәуле Мүсілімова, СҚО бойынша салық департаментінің басқарма бастығы:
 – Бұл өтінішті салық төлеушілер қағаз және электронды түрдегі құжаттармен, сондай-ақ декларациямен бірге салық органдарына ұсынулары тиіс. Ал құжатта көрсетілген уақыт салық міндеттемелерін орындау мерзімі болып табылады.

Бұл жаңашылдықтың арқасында тасымалданатын жүкке қажетті құжаттар қысқарып, рәсімдеу шығыны азайды. Сонымен қатар тауардың уақытша сақтау қоймаларында тұрғандығы үшін және кедендік баж салығы жойылды.

Сәуле Мүсілімова, СҚО бойынша салық департаментінің басқарма бастығы:
– Кәсіпкерлер үшін нарық аясы кеңейе түсті. Енді олар өз тауарларын Қазақстан аумағында ғана емес, Белоруссия және Ресей елдерінде де еркін өткізе алады.

Айта кету керек, Еуразия экономикалық қауымдастығының басқа  елдеріне қарағанда салық мөлшері республикамызда төмен. Мәселен, қосымша құн салығы Белоруссияда -20, Ресейде -18 пайыз болса, Қазақстанда 12 процент қана.

Жасын Біркенов