Билік

Кәрім Мәсімов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын қорытындылады

 

“Абылайхан резиденциясы” мұражай кешенінде Үкімет басшысы осыдан үш жыл бұрын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанда болған. Бүгінде кешен Қызылжар тұрғындары мен қонақтары жиі келетін тарихи-мәдени орталыққа айналған.  Мұражай қызметкерлері Кәрім Мәсімов бастаған делегацияны кешен залдарымен таныстырып, хан Абылай дәуірінен мәлімет беретін жәдігерлер жайында әңгімеледі. Одан соң Үкімет басшысы Петропавл су торабының солтүстік бетіндегі коллекторда жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу барысымен танысты.  Бұл жердегі жұмыс 2006 жылдан басталған. Бірақ нақты күрделі жөндеу үшін жоба-сметалық құжаттар 2008 жылы әзірленді. 861 миллион теңгеге бағаланған күрделі жөндеу бірнеше жыл көлемінде жүргізіледі. Биылдың өзінде канализация жүйесін қалпына келтіру, құбырларды ауыстыру үшін 124 миллион теңгеден аса қаржы жұмсалмақ. 263 адам қауырт шаруаны биыл қазан айына дейін жүргізеді. Сапар соңында Кәрім Мәсімов Солтүстік Қазақстан облысында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-Министрі:
 – Елбасының тапсырмасы бойынша мен Солтүстік Қазақстан облысында бірқатар әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, өндіріс нысандарын араладым. Жалпы алғанда, “Жол картасы”, “Балапан” бағдарламасы және Елбасының қойған тапсырмаларын облыс әкімі де, жергілікті атқарушы органдар да жоспар бойынша орындап келеді.

Әсем Сембина