МТРА жаңалықтары

Жұлдыздармен жүздесу

 

Орталық алаңға жиналған қалың жұрттың жадыраған жүздерінен қос мерекенің нышаны анық байқалады. Астана мен қала күнін тойлау үшін орталыққа таңертеңнен ағылған халық кешқұрым тіпті көбейе түсті.  Алдымен «Арт-Думан», «Шестое чувство», «Relax» сияқты қызылжарлық жастарға жақсы таныс  жергілікті шығармашылық  ұжымдар өнер көрсетті.  Көрермендер әсіресе танымал жұлдыздардың шығуын асыға күтті. Міне, олар да сахнадан жарқырай көрінді. “101” тобы қазақстандық ән әлемінде аты мейлінше кең танылып үлгерген ұжымның бірі, репертуарында 50-ге жуық ән, 3 альбом бар. Қызылжарлық көрерменге өнерлі жігіттер өздерінің ең таңдаулы туындыларын арнады.

Мұрат,  “101” тобының әншісі:
Біздің тобымызға 10 жыл толды. Қазақстанда №1 болу үшін көп қиындықтар кездесті. Енді олардың бәрі артта. Орындайтын әндердің әнін де, сөзін де Иван Бреусов жазады. Қазір 4-ші альбомды жазып жатырмыз.

Ал Қазақстанда ғана емес, шетелде де таныла бастаған әнші қыз Мақпал Исабекова жиналған қауымның көрсеткен ықыласына шын ниетпен ризалығын білдірді.

Мақпал Исабекова, әнші:

ахнаға шыға салысымен өзімнің шаршағанымды ұмытып кеттім. Өкінішке қарай, барлық жерде осынша жақсы қарсы ала бермейді. Мен сахнада “Суперстар” жобасына қатысқаннан бері жүрмін. Енді бар өмірімді осы жолға арнаймын. Қазір  Мәскеуде білімімді жетілдіріп, актерлік шеберлігімді шыңдап жүрмін.

Жас жұлдыздардың талантына сүйсінген кәрі-жастың бәрі қос мерекеден алған мол әсерлерін ақ тілектермен білдірді.

Тұрғындар:

– Мереке құтты болсын, барлығымызға жақсылық, амандық тілеймін.
-Сендердің қалаларың өте әдемі, табиғаты тамаша.  Біз Қарағанды қаласынан келдік.
Мереке құтты болсын. Қалаларың көркейе берсін, өсе берсін.
Мен Шымкент қаласынан келдім. Петропавлдықтарды мерекемен құттықтаймын. Қала керемет, әдемі.

Каусар Аяпберген
қызы