МТРА жаңалықтары

Сауда кешенінің бір жылдығы

 

 

 

«Петропавл-Алматы» сауда кешенінің алдына дүйім жұрт себепсіз жиналған жоқ. Биыл орталықтың ашылғанына тура бір жыл. Осыған орай кешен басшылығы Жұмысшы кенті тұрғындарына арналған кішігірім той жасады.  Орталықтың туған күнінде сауда қызу жүрді. Тұтынушылар қатары да толастар емес. Сөрелерде халыққа керектінің бәрі бар.   Товарлар Европа, Қытай, Германиядан әкелінген, сондай-ақ отандық тауар өндірушілердің өнімі де жеткілікті. Ең бастысы, бағасы қалта көтерерлік. Әсіресе, сауда кешенінде “Баян Сұлу” Қостанай кондитер фабрикасы, “Казмясопродукт”, “Фрегат” ЖШС, “Нан өнімі” АҚ, “Зенченко және К” КС сүт зауытының өнімдері үлкен сұранысқа ие.

 Тұрғындар:

-Өте ұнайды. Бағасы арзан.
-Бізге арнап осындай сауда орталығын ашып отыр. Рақмет.

Жұмысшы кентінің 54 жастағы тұрғыны Елена Моисееваға алысқа жүріп-тұру қиын. Денсаулығы сыр бергеннен бері  азық-түлікті жақын маңнан алуға тырысады.   

Елена Моисеева:
-Сауда орталығының жұмысына көңілім толады.
Біз осы жерден азық-түлік алуға жиі келеміз. Бағасы арзан.

«Петропавл-Алматы» сауда кешенінде  қыс маусымында да қолайлы жағдайлар жасалған. Орталыққа станционарлық жылыту жүйесі тартылыпты. Әзірге мұнда 250 саудагер өз ісін дөңгелетуде. Кешен басшысы Бахтияр Абдуллаев алдағы уақытта кешенге тағы өзгерістер енгізу қажет дейді.

Бахтияр Абдуллаев, «Петропавл-Алматы» сауда кешенінің директоры:
Біз алдағы уақытта сауда кешенін үлкейтуді көздеп отырмыз. 100 сауда нүктесін қоспақшымыз. Біз күнде жұмыс істейміз. Келіңіздер күтеміз.

Кешеннің бір жылдық тойына қала әкімі Нұржан Әшімбетов та қатысты. Думанды кешке ата-ана қамқорынсыз қалған және жетім балалар мектеп-интернатының тәрбиеленушілері арнайы шақыру алған. Оларға сауда кешенінің атынан сыйлықтар тарту етілді.  Қонақтар ұлттық тағамдардан  дәм татты. Тойға келгендерге палау тегін таратылды.  
Алдағы уақытта кешен жанынан супермаркет пен дәріхана бой көтермек. Құрылыс жұмыстары басталып та кетті.

Гүлден Сәрсенбаева