МТРА жаңалықтары

Полюстен жеткен фотосуреттер көрмесі



 

Ритмология ғылымының негізін салушы, Ресей жазушылар одағының мүшесі Евдокия Марченко бастаған құрамында 88 адам бар экспедиция 2005 жылғы кыркүйектің бірі мұзжарғышпен саяхат жасап, солтүстік полюске табан тіреді. Меридиандардың түйіскен жері, уақыт белдеулерінің  қосылар тұсы экспедицияның қызығушылығын тудырған. Қалың мұз қатпарлары, ақ аю, қызара батқан күн – бұл солтүстік полюстің ғажайыптары. Сол жылы Евдокия Марченко араға үш ай салып, бес адаммен оңтүстік полюске жол тартады. Фотосуреттерде –  көгілдір қар жамылған, шегі жоқ алып Антарктиданың ғажайып көріністері.

Евгений Сальников,”Лира” интеллектуалдық -шығармашылық бірлестігінің төрағасы:

Антарктида өте ерекше материк. Бұл жерде шекара деген жоқ. Мұнда мемлекеттер тек зерттеу жүргізу мақсатында ғана келеді. Антарктидада әскери сынақтар жүргізуге, қаружарақ тасуға болмайды. Бұл ең таза материк.

Экспедиция оңтүстік полюске сапарларын “
Болашаққа саяхат” деп атап, жер шарының әр нүктесінде осындай тазалық сақталуы керек дейді.

Евдокия Марченко – солтүстік пен оңтүстік полюстерге саяхат жасаған жер шарындағы алғашқы әйел. Ержүрек ханым жердің айналысын да сезінетін көрінеді. Ресейдегі ритмология институтының негізін салған ол планета тұрғындарын уақытты үнемдеуге, оны сезінуге шақырады. Ғалымдар уақытты есепке алумен қатар адамзатқа оны түсіне білуді үйретіп, осылайша жердің тынысын сезіндіру керек дейді. Солтүстікті – әйелдікі, оңтүстік полюсті – ерлердікі деп бөліп тастаған ритмологтар көрмені ұйымдастырған банк қызметінен де өз тұжырымдарына ұқсастық іздейді.

Татьяна Дементьева, “Живое знание” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

– Банктерде ақша айналатынын білеміз. Сол сияқты әр адамның уақыт банкі де болады. Адам өз өмірінде оны қалай пайдаланады – өзі шешеді. Жөн-жосықсыз жұмсай сала ма, жоқ әлде тиімді пайдалана ма. Ең қиыныуақытты қайтара алмайсыз.


Полюстерден түсірілген фотосуреттер көрмеге келушілер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Күндегі күйбеңнен қолдары қалт еткен тұрғындар қамшының сабындай қысқа ғұмырдың
бағасын  суреттердің көмегімен түсінгендей. Көрме бір апта бойы жұмыс істейді.

Әсем Сембина