МТРА жаңалықтары

Лагерьдегі патриоттық кеш

 

 Мерекеге әзірлікті жеткіншектер екі күн бұрын қолға алыпты. Өлең, әндерін жаттап, қандай тақырыпта сурет салатындарын да ойластырып қойған. Асфальтта түрлі-түсті борлармен ұл-қыздар  бейбітшілікті бейнеледі. Ол жүрек, жұлдыз, тіпті әуедегі әсем шар ретінде көрсетілген.

Балалар:

ен гүлдерді салдым. Олар сондай әдемі.
Мен аспандағы бұлттар
мен күннің көзін бейнеледім.

Дәл осындай
кеш лагерьде бірінші рет өткізіліп отыр. Оған балдырғандар белсенді атсалысып, бар ынталарымен өнер көрсетуде.

Маргарита Грушина, “Ақ қайың” балалар сауықтыру лагерінің директоры:
-Біз сазды-театрландырылған кешті Ұлы жеңістің 65 жылдығына арнадық.
Ондағы басты мақсатымыз балдырғандар бейбіт өмірдің қандай жолмен келгенін білсін дедік. Екіншіден,
оны сақтап қалу өзіміздің қолымызда екенін жеткізу болды.

Қызықтың бәрі Есіл өзені
нің жағалауында өтті. Онда соғыс жылдарындағы және әскери әндер әуеледі.
Сауықтыру лагеріне қонаққа Ұлы Отан соғысының ардагері 83 жастағы Владимир Недушко да келді. 1944 жылдың наурызында ол авиациялық училищеге   оқуға шақырылады. Оны тәмәмдаған соң Латвия жерінде 265-ші полкте жаумен жағаласады. Елге тек 1949 жылы оралған.

Владимир Недушко, ҰОС ардагері:
Мұндай мерекелерді жиі өткізіп тұру керек. Ол балаларды тату өмір сүруге  үйретеді. Тарихты білуге
 септеседі.

Кеш соңында әр бала өзенге гүл
дестелерін жіберді. Суда қалқыған  ақ гүлдер майдан даласында Отан үшін жанын берген жауынгерлердің рухына арналды.


Г
үлнар Мұқамеджанова