МТРА жаңалықтары

Бескөлдегі жөндеу жұмыстары

 

 

 

Канализациялық насос станциясы –  Бескөлдегі байырғы ғимараттардың бірі. 40 жыл бұрын орнатылған қондырғылар да істен шығудың аз-ақ алдында тұрған екен. Былтыр бұл станциядағы құрылғыларды жөндеуге қаржы “Жол картасынан” табылды. Бұл шамамен 20 миллион теңге. Биыл да  23 миллион теңге қаржы бөлініп, жаңа коллектор орнатылды.

Анатолий Гуц,  “СК Максимум” ЖШС техникалық директоры:
-270 метрге созылған кәріз желі
сін ауыстырдық. Бірнеше құдық орнаттық.

Насос станциясының жөнделгенін бескөлдіктер аңғармауы да мүмкін. Ал Қызылжар ауданының орталығындағы жолдарға жаңа асфальт төселгенін олар бірден байқады. Селодағы Фурманов, Комаров, Калинин көшелерімен көлікпен қозғалу әлдеқайда жеңілдеп қалды. “Жол картасының» аясындағы жұмыстар тәмамдалды. Сөйтіп, Бескөлдегі жолдарды орта жөндеуден өткізуге 15 миллион теңге жұмсалды.

Вера Фомина
, “Дорожник Ашық аспан” ЖШС өкілі:
Жоба аясында жолдарды қалпына келтіруге 39 адамды тарттық. Әрқайсысы айына 27-30 мың теңгеден еңбекақы алып тұрды.

Бескөлде “Жол картасының” аясында қолға алынған үшінші жоба электр желілерін ауыстыру. Бұл науқанның бүгінде қызған шағы.

Қуандық Шакубаев,  Қызылжар аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалдау бөлімінің бастығы:
-Затон шағын ауданының тұрғындары
 қосымша станциядан электр қуатын алып келді. Енді оларға бөлек станция қойып жатырмыз.

Ендігі жылы “Жол картасы” жүзеге аса ма, жоқ па белгісіз. Бірақ
аудан басшылығы кәріз жүйесін жаңарту жұмысына қажет жобасметалық құжатты дайындап та қойыпты. Бұл бағытқа 50 миллион теңге қажет.

Тимур Әбдірешев