МТРА жаңалықтары

Ашық аспан астында мұражай бой көтереді

 Таң атысымен ежелгі қоныста қарбалас жұмыс басталады. Арнайы экспедияция өзіне жүктелген зор міндетті орындап шығуы тиіс.  Ежелгі тарихи тұрақта 5 жылдан соң этнографиялық мұражай бой қөтермек.

Анатолий Плешаков,М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Қазақстан тарихы және археология кафедрасының меңгерушісі:
-Бұл осында саяхатқа келгендердің ежелгі адамдардың тұрмысына етене жақындауы үшін жасалып жатыр. Яғни олар қонысқа келіп, ерте дәуірлердің адамдарындай өмір сүріп, еңбек қаруын жасап, өздері тамақ іздеп таба  алуы тиіс.

Ғалымдар әлі күнге дейін қоныстың нақты қай кезеңге, қола, болмаса ерте темір дәуіріне жататынын анықтай алмай отыр. Алайда ежелгі қонысты шамамен 5 мыңға тарта адам мекен еткені белгілі. Қазір археологтар табылған жәдігерлерден сол кезеңнің келбетін қалпына келтіруге тырысып бағуда. Алғашқы табылған дүниелерденақ ежелгі сақ әйелінің тұрмыс-тіршілігінің жеңіл болмағаны байқалып тұр.

Бақыт Арбабаева, студент:
 Олардың тұрмысы өте қиын болған. Бізге мұнда уақытша жүру қиын болса, оларға тіпті қиын.

Сақ келіншектері
киген көйлектердің матасы түсті металл  ұнтағымен боялған. Бұндай көйлекті болашақта мұражайға келген әр турист тіге алады. Тіпті саят құруына да рұқсат етілмек. Ал ежелгі қаланың орнында еңбектеніп жүрген студенттер қазірдің өзінде тарихтың тереңіне бойлағандай.

Марат Байбосынов, студент:
Футболдан әлем чемпионатының нәтижелерін тек қана смс жазып, интернеттен біліп жатырмыз. Әйтпесе мұнда өзге цивилизация құралы жоқ. Соңғы жаңалықты естімей, ешкім көз ілмейді.

О
лег Мартынюк, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ зертхана меңгерушісі:
Бұрын соңды ашық аспан астында бұндай жобаны жүзеге асыру ешкімнің қолынан келмеген. Біз жасай алатын болсақ, авантюрамыз шындыққа айналып,  
нағыз жігіт атанар едік.

Әзірше Долматово елді
мекенінен бірнеше шақырым жердегі экстремалдық демалысты ешбір туристік агенттік ұсына алмайды. Археологтар бұл олқылықтың орнын көп ұзамай толтыру үшін тынбай еңбектенуде.

Гүлмира Шоқтыбаева


Анатолий Плешаков,М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Қазақстан тарихы және археология кафедрасының меңгерушісі:
-Бұл осында саяхатқа келгендердің ежелгі адамдардың тұрмысына етене жақындауы үшін жасалып жатыр. Яғни олар қонысқа келіп, ерте дәуірлердің адамдарындай өмір сүріп, еңбек қаруын жасап, өздері тамақ іздеп таба  алуы тиіс.