МТРА жаңалықтары

Қайырымдылық аукционы

 

 

Қайырымдылық кешіне облыс кәсіпкерлері мен билік басындағылар шақырылған болатын. Алайда шараға басқа ұйымдар мен мекемелер өкілдері де  қатысты. Бұл игі бастаманы облысымыздың іскер әйелдер қауымдастығы көтерген.

Бақытжан Сәмиева,  СҚО Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:
-Жақында ғана Қытайда өткен саммитке қатыстым. Онда көп әйелдер жиылып, қайырымдылық алдымен әйел адамнан басталуы тиіс деген ортақ пікірге келдік. Сондықтан өңірімізге келе сала осы шараны өткізу туралы ойлай бастадым.

Аталған шараға өнер лицейінің тәрбиеленушілері де атсалысты. Мұнда олардың 10 еңбегі қойылған.

Наталья Козловская, облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы бейнелеу өнері студиясының жетекшісі:
– Мұнда 8 бен 14 жас аралығындағы балалардың қолданбалы
қолөнер және бейнелеу өнері еңбектері қойылды. Олардың саны 10. Балғындар бұл іспеттес акцияларға ұдайы атсалысуға тырысады.

Аукцион кештің басты бөліміне айналды. Бірінші лот
қа 3 коллекциялық монета қойылып, оларды кәсіпкер Сергей Леонтьев 161 мың теңгеге сатып алды. Сондай-ақ,  акциондағы бағасы 100 мың теңгеге жеткен “Жасампаз” кітабы да  осы кәсіпкердің жеке кітапханасынан орын алатын болды. Айта кету керек, бұл кітап екі данамен ғана шығарылған. Бұнда   еліміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаев туралы жазылған.  Ал  Дамаск болатынан жасалған қылышты “ПЛВЗ” серіктестігінің коммерциялық директоры Евгений Логвиненко сатып алды. “Нежность” картинасын Бақытжан Сәмиева 45 мың теңгеге иеленді.

Виктор Литвиненко
.  СҚО бойынша балалар құқығын қорғау департаментінің директоры:
 – Қазіргі таңда өңірімізде қамқорлық кеңесі құрылды. Ол қайырымдылық қорына түскен қаражатты бөледі. Бүгінгі күні облысымызда көмекті қажет ететін аз қамтылған және көпбалалы отбасылар
 аз емес.  Сондықтан бұл ақша осындай отбасынан шыққан балаларды оқыту мен сауықтандыру үшін жұмсалады.

Ж
алпы жыл басынан бері облысымыздағы жетім, аз қамтылған және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға 7 млн. теңгеге көмек көрсетілген. Ал бұл кеште қайырымдылық қорына 1 млн. 393 мың теңге түсті. Оның 453 мыңы аукцион арқылы жиналды.

 

Жасын Біркенов