Құқық қорғау органдары

Журналистер кинологиялық орталық қызметімен танысты

 

 

 


 
Ішкі істер дапартаментінде кинологиялық орталық 2008 жылы құрылған болатын. Қызметкерлер құрамы толық, материалдық кешені нығыз. Бұл түрлі қылмыстар мен заңбұзушылықардың алдын алуға мол мүмкіндік береді. Бір сөзбен айтқанда, қызметтік иттердің полицейлерге тигізер пайдасы мол.

Николай Бойко, СҚО ІІД кинологиялық орталығының аға жедел уәкілі:

-Қазір 15 қызметтік ит бар. Олардың жетеуі есірткі, үшеуі із кесу, екеуі жарылғыш заттар іздеуге үйретілген, екеуі конвойлық болса, біреуі одорологиялық бағытқа бапталған. Ең қиыны итті осылардың ең соңғысына үйрету, яғни ит алған иістен жаңылмауы керек. Мәселен, есірткі іздеуде ол қателесуі мүмкін. Ал одорологияға бағытталған ит қателеспеуі керек. Өйткені ол адам тағдыры.

Круз атты иттің жасы үште. Ол із кесуші. 1,5 жыл ішінде иттің көмегімен 5 қылмыс ашылған. Мамандар қызметтік ит пен кинологтың арасында өзіндік үйлесім болуы керек, сонда ғана одан нәтиже шығады дейді.

Евгений Сичков, СҚО ІІД кіші инспектор-кинологы:

-Мен мұнда жұмыс істеп жатқаныма 1,5 жыл. Қызметім өзіме ұнайды. Әскерде де кинолог болғанмын. Ең бастысы, иттің тілін таба білген жөн. Сонда оған барлық бұйрықтарыңды орындата аласың.

Кинологиялық орталықтағы қызметтік иттер темірдей тәртіпке үйренген. Күніне екі мәрте жаттығулар жүргізіледі.  Жыл басынан бері қызметтік иттердің көмегімен 33 қылмыстың беті ашылса, олардың 18-і есірткі бизнесіне қатысты. Нәтижесінде заңсыз айналымнан 135 келіге жуық түрлі есірткі заты тәркіленді.

 

Самат Есмағи